spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

«Авиценна» емдеу мекемесі ақмолалықтарға өкпені жасанды желдету аппаратын ұсынды

Сондай-ақ...оқыңыз

Әлемді түгел алаңдатқан коронавирус инфекциясымен күреске жекеменшік медициналық компаниялар мен ұйымдар да өз үлестерін қосуда. Көкшетау қаласындағы «Авиценна» медициналық мекемесі де адам денсаулығына аса қажет медициналық жабдық пен жеке қорғаныс құралдарын сатып алды, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Жекеменшік емдеу мекемелерінің басшыларымен кездескен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов қиын кезеңде денсаулық сақтау саласына барынша көмек беруге шақырды.

Алғашқылардың бірі болып «Авиценна» емдеу-профилактикалық мекемесі үн қатты. Мекеме Германиядан шығарылған Drager Evita XL өкпені жасанды желдету аппаратын сатып алды, – деді Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Фатима Россолова.

Емдеу мекемесі осылайша өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануына өз үлесін қоспақ.

«Өңірдегі эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты әрі қос өкпесінің қабынуы және COVID-19 диагнозымен түскен емделушілердің санының ұлғаюы себепті біз өз үлесімізді қосуды жөн деп таптық, – дейді «Авиценна» емдеу-профилактикалық мекемесінің директоры Жанар Молдантаева.

Емдеу мекемесінде орнатылған заманауи талаптарға сай техника ересектермен қатар балаларға да өкпені инвазиялық және инвазиялық емес желдетуге арналған.

COVID-19 дертін жұқтырған адамдардың басым бөлігінің төменгі тыныс алу жолдары зақымданады. Ал 20 пайыз вирусқа шалдыққан адамдардың өкпесіне тереңірек еніп кететіні белгілі болды. Мұндай жағдайда емделушілердің жағдайы күрт төмендеп, ауыр халге түседі. Сондықтан дереу интенсивті терапия бөліміне орналастырып, өкпені жасанды желдету аппаратына қосу қажет. Жаңа аппарат өңірдің жұқпалы аурулар бөлімдерінің біріне орналтылады. Енді дәрігерлеріміз осы аппараттың көмегімен көптеген адамдардың ажалдан аман алып қалу мүмкіндігіне ие болды. Қазір бізге барынша күш біріктіріп, коронавирустың одан әрі тосқауыл қоюға жұмылуымыз қажет, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img