spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
5.2 C
Kokshetau

Зеренді ауданындағы Жаңа ауыл ауылында су құбыры толықтай жаңартылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Игілікті іс «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Көптен бері ауыз судың азабын тартып келген ауылдағы ағайын енді толықтай орталықтандырылған сапалы сумен қамтамасыз етілмек, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Бұлақ ауылындағы Жаңа-ауыл ауылында су құбырын жөндеу жұмыстары қазір толықтай аяқталған. Сонымен қатар, ауылдағы тұрғын үйлер біртіндеп орталықтандырылған су құбырына қосылуда. Зеренді ауданы әкімдігінің мәліметінше бүгінге дейін ауылдағы 35 үйдің 17-сі қосылып үлгерген.

«Қазіргі күнде ауылда бұрынғы тозған су құбырларының барлығы бұзып алынып, оның орнына 2,1 шақырымнан асатын футлярлы жаңа құбырлар тартылған. Сонымен қатар, көптен жөндеуді қажет еткен су мұнарасы толықтай жаңартылды. Ұңғыма павильоны жөнделіп жаңадан су айдайтын сорғы орнатылды. Су тарту ыңғайлы болуы үшін 18 бірдей құдықтар орнатылды. Тазалық сақтау мақсатында айналасына түгел қоршау жасалды, – дейді аудан әкімі Бауыржан Ғайса.

Жақында жаңа-ауылдық жұрт толықтай орталықтандырылған ауыз сумен қамтылмақ.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрметті қала және аудан тұрғындары!

«Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы аясында қаржылық қиындыққа тап болған азаматтарға тегін ақпараттық және құқықтық қолдау көрсетілуде. Егер сіз: ✔️ 90 күннен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика