spot_img
Жұма, Наурыз 29, 2024
2.5 C
Kokshetau

Көкшетау қалалық көпсалалық ауруханасына дәрігерлер қажет

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында дәрігерлер мамандарының тапшылығы сезілді. Облыстың ауруханалары мен емханаларында дәрігерлер шамадан тыс мөлшерде жетіспейді. Ал бар кадрлардың басым бөлігінің коронавирус инфекциясына шалдығуы жағдайды  қиындатып жіберген, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Облыста қауіпті ауру таралғанға дейін де 500-ге жуық маман тапшы болған.
Ал емдеу мекемелеріндегі дәрігерлердің бірінен соң бірі коронавирус инфекциясын жұқтыруы тағы 120 дәрігер қызметкердің қажеттілігін туындатқан. Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы осылай деп мәлімдеме жасады.
Ведомствоның мәліметінше соңғы уақытта қос өкпесі бірдей қабынған ақ халаттылардың қатары мейлінше артқан. Дәрігерлердің тапшылығы сезілгені соншалық, бүгін Whatsapp әлеуметтік желісінде «Көкшетау қалалық көпсалалы ауруханасына дәрігерлер қажет» деген мәтінде хабарламалар тараған.

«Коронавирус инфекциясымен барынша күресетін уақыт жетті. Біздің ауруханаға дәрігерлер шұғыл түрде қажет болып отыр. Әсіресе, эпидемиолог, анестезиолог, реаниматолог және жұқпалы аурулар дәрігерлеріне аса мұқтажбыз. Бізге кез-келген мамандықтағы дәрігерлер қажет. Өте қажет», – деді Көкшетау қалалық көпсалалы ауруханасының бас дәрігері Нариман Сыздықов.

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша қазір аталған аурухананың барлық бөлімдері босатылып, коронавирус инфекциясымен күреске толықтай әзірлікке кіріскен. Облыстағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру мақсатында індет жұқтырғандарды емдеу үшін екі мыңнан астам төсек-орын жабдықталған. Жалпы осы уақытқа дейін облыста 1200 адам қауіпті вирусты жұқтырғаны анықталды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қылшақты өзені арнасынан асып, маңайындағы үйлер суда қалды

Ағымдағы жылдың 28 наурызында Көкшетау қаласының Қылшақты өзені дала суларының жиналуына байланысты арнасынан  асып, қызыл су маңайындағы жеке үйлерге...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img