spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

3-шілде күніне ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Оңтүстік циклон мен онымен байланысты атмофесралық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды «Aqmola News»  «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 3 шілде күні елдің басым бөлігінде күн күркіреп, солтүстікте, солтүстік-шығыста және орталықта күшті жел тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Республиканың тек батысы, оңтүстік-батысында ғана күн ашық болады. Кей жерлерде жел күшейіп, солүстік-батыста түнде және таң ата тұман түседі.

Ақмола облысының бірқатар аумағында жел күшейіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Қостанай облысында түнде және таң ата тұман түсіп, күндіз жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жауады.

Павлодар облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқып, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында жел күшейіп, бұршақ жауады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 25 метрге жетеді.

Жамбыл, Түркістан, Алматы, Қызылорда облыстарында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін, түнде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады.

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстік бөлігінде, Атырау облысының батысында ерекше өрт қауіпі сақталады.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img