spot_img
Бейсенбі, Мамыр 16, 2024
11.6 C
Kokshetau

Атбасарда жол құрылысының арқасында 134 адам жұмыспен қамтылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Атбасарда жол құрылысы қарқын алды. Салынған жолдың сапасы талапқа сай болмағын тексеруге де баса мән берілген. Аталған мақсатта ауданда қала тұрғындары мен жергілікті мәслихат өкілдерінен қоғамдық комиссия құрылып, жүргізілген жұмыстарды бақылауға алды, – деп хабарлайды «»Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Мердігер компания комиссия жол төсемінің сапасыздығын анықтаған жағдайда орын алған кемшіліктерді толықтай түзетпек.

Жалпы Атбасар қаласындағы жолдардың жөнделуіне бюджет қоржынынан 633 миллион теңге қаражат бөлінген. Атбасар қаласына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Ермек Маржықпаев құрылыс және жөндеу жұмыстарының сапасына мұқият бақылау жасалатынын ескертті. Аталған мақсатта арнайы комиссия да құрылған.

Мен ауданның барлық тұрғындарын жол жөнделіп жатқан көшелерден көлікпен жүрмеуін сұраймын. Әлі толық тығыыздалмаған асфальтта көлік жүрген жағдайда бұл оның сапасына кері әсер етпек. Біз мониторингтік топ өкілдері мердігерлердің жұмысын күнделікті бақылауға алдық. Қазір Атбасар қаласында 17 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өңірде «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 80 адам жол құрылысына жұмысқа орналасқан. Сонымен қатар, бірнеше жылдардан бері тозығы жеткен инженерлік желілерді жаңғырту мақсатында 340 миллион теңге бөлініп отыр. Осының арқасында атбасарлық 54 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету жоспарланған, – дейді мониторингтік бақылау комиссиясының мүшесі Руслан Досмұханов.

Жалпы ауданда 19 әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 1 миллиард 927 миллион теңге қаражат бөлінген. Осылайша Атбасар қаласында тағы 550 жаңа жұмыс орындары ашылмақ.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img