spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмолада табыс табуға кеткен адам із-түзсіз жоғалып кетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында үйінен жұмыс іздеп шыққан Бұланды ауданы Макинск селосының тұрғыны хабар-ошарсыз кеткен. Тәртіп сақшылары бір аптадан астам уақыт іздеу шараларын жүргізуде, – деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоғалған ер адам бір айға жуық уақыт бойы еш жерден табылмай жатыр.

 Осы жылдың 23 маусымында Ақмола облысы, Бұланды аудандық полиция бөліміне Макинск қаласының 51 жастағы тұрғыны телефон шалып, 57  жастағы жұбайы Михаил Поповтың із-түзсіз жоғалғанын хабарлады. Әйелдің айтуынша, ол Ақкөл ауданы Новорыбинка селосына табыс табу мақсатында кеткен. 4 маусым күні жоғалып кеткені белгілі болды. Қазір Михаил Поповты іздеу шаралары жүріп жатыр. Бірақ осы уақытқа дейін оның қайда жүргені белгісіз күйде қалып отыр, – деді  Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әсем Әбдірахманова.

Бойы шамамен 165-170 сантиметр, жұқалтаң денелі, қысқалау алынған шашы ағарып тікірейіп кеткен, ұзынша қалың мұрт қойған. Жоғалған сәтте қара түсті шалбар мен ақ түсті жейде киіп шыққан.

Полиция мүлдем хабарсыз кеткен адамның тамыр-таныстар мен туыстарына сұрау жүргізген. Сондай-ақ, арнайы топтар Ақмола облысының барлық аумағында іздеу шараларын ұйымдастыруға кіріскен.

Тәртіп сақшылары жоғалған адамның қайда жүргені жайлы қандай да бір ақпарат білген адамдар болса «102» арнайы желісіне немесе құқық қорғау органдарына хабарласуды сұрайды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img