spot_img
Дүйсенбі, Қазан 12, 2026
8.2 C
Kokshetau

Қала әкімі Қажыбай Жахиннің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласы әкімі Амангелді Смайлов Көкше ән мектебінің өкілі, белгілі дәстүрлі әнші, жыршы, термеші Қажыбай Жахиннің қайтыс болуына байланысты көкшеліктерге және салдың туыстарына көңіл айтты,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Кешегі серілер мен ақындардың жолын жалғастырып, жас буынға саналы тәрбие дарытқан Көкшенің асылы – Қажыбай ақынның өмірден өтуіне байланысты туысқандары мен жақындарына, Көкшетау халқына қайғырып көңіл білдіремін. Ән өнерінің хас шебері – Қажыбай Жахиннің әндері халық жадында мәңгі сақталады. Арқаның ажарын ашқан асыл азаматы – Қажыбай ағамыздың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болып, жәннәттан орын бұйырсын дейміз,-дейді көңіл білдіруші Амангелді Смайылов.

Қажыбай Жахин Қызылту ауданы, Сілеті өңі­рі, Қулыкөл кеңшары, Береке ауылында туған.  Қажыбайдың еліктеп өсер ортасы өнерге жа­қын туыс-тумалары аз емес еді. Ең алдымен, әкесі Бадықтың өзі, шешесі Зәмзәмия елді аузына қаратқан дәулескер әншілер еді.

Ж.Елебеков атындағы өнер учи­лищесінде білім алып, талай байқаулардың жеңімпазы атанған әншіге ұстазы Қайрат Байбосынов «Айбозым» деп ат қойып, Жәнібек Кәрменов сынды ұстаздары жоғары бағасын берген.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «ROAD TO ASTANA 2027» эстафетасы аясында спорт фестивалі өтті

Көкшетауда 2027 жылы Астанада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына арналған «ROAD TO ASTANA 2027» ұлттық жобасының екінші кезеңі ұйымдастырылды. «Kokshe Arena»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика