spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Есіл аудандық ауруханасында call-орталық ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Есіл аудандық  ауруханасы базасында COVID-19 вирустық инфекциясының алдын алу мақсатында call-орталық ашылды. Дәрігерлер тәулік бойы есілдіктерге аурудың алдын алу, емделу жайлы кеңес беруде, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Аудандағы науқастар санының көбеюі және эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы себепті тиісті шаралар қабылдануда.

Аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары  Сәрсембаева +77016458324 және сарапшы дәрігер 87056768525 телефондарында күндіз-түні тұрғындарға кеңес беруге әзір. Өңірдегі эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты арнайы  5 мобильді бригада жұмыс істеуде.

Аудандық аруханасының бас дәрігері Дастан Асанұлының айтуынша, үйінде тұмау болып, қызуы көтерілген адамдардың емдеу мекемесіне келмесі үшін, мобильді топтар шақырумен барып, тұрғындарға тиісті ем-дом жасауда.

Қазір күніне күніне 40-тан астам шақырулар түсіп жатыр.  Соңғы аптада ғана мобильді топтар екі жүзден астам шақырумен барды. Аудан әкімдігі көлік жетіспеушілігі болғандықтан бір жеңіл көлікті біздің мобильді топқа ұсынды. Қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміндегі 15 орын толықтай толды.   Қосымша орын қажеттігі туындап отыр. Ол үшін аудан әкімдігі, облыстық білім басқармасымен келісіп агротехникалық колледжден провизорлық стационар ашуды жоспарлап отырмыз. Емдеу мекемесінде  жұқпалы дертке шалдыққан  адамдарды емдейтін дәрігерлерге арнап, аудандық балалар үйі ғимаратының базасында жатын орындар берілген. Дәрігерлер үйлеріне бармай сонда тұрып, жатыр . Бір айта кететін мәселе бізде дәрігерлер жетіспеушілігі бар. Егер қосымша емдеу орны ашылған жағдайда дәрігерлер жетіспеушілігі болады. Аталған мәселені қазір облыстық денсаулық сақтау басқармасымен болатын селекторлық  жиынында көтермекпін, -дейді бас дәрігер Дастан Асанұлы.

Аудандық аурухана жасалған шаралар алдағы уақытта  эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға септігін тигізетініне сенімді.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img