spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ерейментау ауданында жаңа көпірдің құрылысы басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ерейментау-Еркіншілік-Аршалы облыстық маңыздағы тас жолының бойындағы Еркіншілік ауылының жанындағы ағын су өткізетін көпірдің құрылысы басталды. Тозығы жеткен көпір жыл сайын көктемгі су тасқыны кезінде халықтың жүріп-тұруына қиындық келтіретін. Ернеуінен асып тасыған Кедей өзені талай елді шығынға белшесінен батырып, халықты әбден әуре-сарсаңға салған еді. Биыл сабақты ине сәтімен болып, ауылдағы қарапайым тұрғындардың тілегі орындалды – деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Әсіресе 2015 жылы болған көктемгі су тасқыны кезінде күре жолдың бойындағы көпірді су шайып, топырағын жуып кеткен темірбетонды тастар опырылып құлаған. Халық бірнеше уақыт бойы қатынассыз қалған. Сол жылы Кедей өзенінің тасу зардабынан Еркіншілік ауылында он алты отбасы зардап шеккен еді. Жылда су тасқыны кезінде үрейленіп отыратын халыққа биыл жаңа көпір салынатын болды.

 

Облыстық мәндегі «Ерейментау-Еркіншілік-Аршалы» күре жолының 19 шақырымында орналасқан су өткізу көпірінің құрылысын жаңарту жұмыстары басталды. Жұмысты мердігер компания «Үрпек-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Бүгінде көліктер айналма жол арқылы өтіп жатыр. Ал негізгі жолдағы ескі құрылымдарды бұзылып, су өткізетін көпір толықтай жаңартылмақ. Қазіргі уақытта құрылыстың негізгі жұмыстары жүргізілуде. Одан кейін жаңа бес су өткізетін саңылауы бар 4х2,5 метр мөлшеріндегі тюбингтік құбырлар салу жоспарланды, – дейді Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Арсен Жанғасқанов.

Жобаны ағымдағы жылы аяқтау көзделіп отыр.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img