spot_img
Сейсенбі, Қараша 10, 2026
-1.8 C
Kokshetau

Жақсы ауылында «Жасыл болашақ» челленджі аясында 90-нан астам шырша отырғызылды

Сондай-ақ...оқыңыз

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Ақмола облысының Жақсы ауылында «Жасыл болашақ» эко-волонтерлік челленджі ұйымдастырылды. Игі бастаманың мақсаты – елді мекенді көгалдандыру, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру және тұрғындарды туған өлкенің көркеюіне үлес қосуға шақыру.

Шара барысында ауылдың орталық көшесіне 90-нан астам шырша ағашы отырғызылды. Көгалдандыру жұмыстарына 120-дан астам волонтер мен ауыл тұрғыны қатысты. Олардың қатарында жергілікті этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Ақсақалдар кеңесі мен Аналар алқасының мүшелері болды. Түрлі қоғамдық ұйымдар мен аға буын өкілдерінің белсенділігі ортақ іске деген жауапкершіліктің жоғары екенін көрсетті.

Қатысушылар бірлесе еңбек етіп, ауылдың келбетін жақсартуға бағытталған нақты іске атсалысты. Отырғызылған шыршалар алдағы уақытта жайқалып өсіп, орталық көшенің сәнін арттырып, елді мекеннің экологиялық жағдайын жақсартуға септігін тигізеді.

Мұндай бастамалардың маңызы тек көгалдандыру жұмыстарымен шектелмейді. Олар тұрғындардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, жастарға туған жерді күтіп ұстаудың үлгісін көрсетеді. Әсіресе, волонтерлер мен ауыл тұрғындарының бірлескен еңбегі қоғамдағы ынтымақ пен азаматтық белсенділіктің жарқын көрінісі болды.

«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны қорғауды күнделікті өмір салтына айналдыруға бағытталған ортақ қозғалыс. Ал Жақсы ауылында өткен «Жасыл болашақ» челленджі осы мақсат жолындағы маңызды қадамдардың бірі болып, туған өлкенің жасыл әрі көрікті болашағына үлес қосты.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді»

«Өткен замандарда саяси қысым болған кезде ана тіліміз әдебиетшілер мен тіл мамандарының, журналистеріміздің, зиялы қауым мен қарапайым азаматтардың арқасында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика