spot_img
Бейсенбі, Қазан 8, 2026
10.2 C
Kokshetau

Мас күйінде көлік жүргізу – жолдағы өмірге төнген қауіп

Сондай-ақ...оқыңыз

Көлік құралын алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде басқару – жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың бірі. Мұндай жағдайда жүргізушінің жолдағы жағдайды дұрыс бағалауы мен жылдам шешім қабылдау қабілеті төмендейді. Ал бір сәттік қателіктің салдары адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

Қазан айының басынан бері патрульдік полиция қызметкерлері көлік құралын масаң күйде басқарған 22 жүргізушіні анықтап, ұстады. Аталған құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Мұндай әрбір жағдай – адам өмірі мен денсаулығына төнген ықтимал қауіп. Мас күйінде көлік басқарған жүргізуші өз өміріне ғана емес, көліктегі жолаушылардың, жаяу жүргіншілердің және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қатер төндіреді.

Алкоголь ішкеннен кейін «аз ғана іштім», «көлік жүргізуге шамам жетеді» деп ойлау – үлкен қателік. Тіпті аз мөлшердегі алкогольдің өзі адамның зейініне, реакция жылдамдығына және жолдағы жағдайды дұрыс бағалау қабілетіне әсер етуі мүмкін.

Заң мен тәртіпті сақтау – ең алдымен әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады.

Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары! Мас күйінде көлік тізгініне отырмаңыз. Егер ішімдік ішкен адамның көлік жүргізуге әрекет жасап жатқанын байқасаңыз, бейжай қарамай, оның көлік жүргізуіне жол бермеуге тырысыңыз.

Есте сақтаңыз: бірнеше минут үнемдеу үшін өзіңіздің және өзгенің өміріне қауіп төндірудің қажеті жоқ. Қажет болса, такси шақырыңыз немесе көлікті сау жүргізушіге сеніп тапсырыңыз.

Жол қозғалысы ережелерін сақтап, қауіпсіздікке жауапкершілікпен қараңыз. Өзіңіздің, жақындарыңыздың және жолдағы басқа да азаматтардың өмірін бағалаңыз.

Әр сапардың соңы – отбасыңызға аман-есен оралу болсын!

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында қылмыс деңгейі төмендеді

Ақмола облысында жедел ахуал тұрақты сақталып, қылмыс деңгейінің төмендеу үрдісі байқалады. Өңірлік полиция департаментінің 2026 жылдың үшінші тоқсанындағы жұмыс...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика