spot_img
Сейсенбі, Қазан 6, 2026
4.2 C
Kokshetau

ІІМ «Балаларға назар аударыңыз!» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне қатысты заңнама талаптарының сақталуын бақылауды күшейтуге бағытталған республикалық «Балаларға назар аударыңыз!» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы шығарылды.

Іс-шара барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ересектердің еріп жүруінсіз жүруінің алдын алуға ерекше назар аударылды.

«Республикалық «Балаларға назар аударыңыз!» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығара отырып, ата-аналардың назарын балалардың түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүру жағдайларына аударғым келеді. Барлығы 25 мыңнан астам кәмелетке толмаған анықталды», – деді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқармасының бастығы Асхат Дюсембеков.

Ол ата-аналарды балалардың қайда және уақытын қалай өткізіп жүргенін бақылауды күшейтуге шақырып, ата-аналық міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Іс-шара аясында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, білім беру ұйымдарына іргелес аумақтардағы жол инфрақұрылымын талаптарға сәйкестендіру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Тексеру қорытындысы бойынша үш мыңға жуық нұсқама беріліп, анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті шаралар қабылдануда. Заңды талаптарды орындамағаны үшін 40-тан астам лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар балаларды тасымалдауға пайдаланылатын автокөлік құралдарының техникалық жағдайы тексерілді. Балалар білім алатын орындардағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Білім беру ұйымдарының әкімшіліктерімен бірлесіп, оқушылар үшін қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында нысандардың техникалық қорғалуын қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.

Іс-шара барысында халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да ұйымдастырылды. Оның негізгі мақсаты – ата-аналардың жауапкершілігін арттыру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын сақтау қажеттілігі туралы қоғамның хабардарлығын күшейту.

Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар құқық бұзушылықтардың алдын алуға, заң талаптарын сақтауға және азаматтардың балалардың қауіпсіздігіне деген жеке жауапкершілігін арттыруға бағытталған «Заң және тәртіп» қағидаттарымен сабақтас.

«Осы ретте балалардың қауіпсіздігіне, ең алдымен, ата-аналар жауапты екенін тағы да еске саламыз. Баланың мінез-құлқын, эмоционалдық жағдайын күнделікті бақылап, қандай да бір алаңдатарлық белгілер байқалған жағдайда полиция органдарына дереу хабарлау маңызды.

Балалардың оқу орындарындағы, көшелер мен жолдардағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстар жалғасуда», – деді Асхат Дюсембеков.

Алдыңғы мақала
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Алкоголизмнің алдын алу – денсаулық пен қауіпсіздіктің негізі Алкогольге тәуелділік адамның денсаулығына, отбасына, еңбекке қабілеттілігіне және қоғамдық қауіпсіздікке кері әсер...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика