spot_img
Жексенбі, Тамыз 23, 2026
17.2 C
Kokshetau

Алғашқы кадрлар: ақмолалықтар дауыс беруді сыйлықпен бастады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында сайлау учаскелері ашылып, дауыс беру басталды. Алғашқы минуттардан-ақ өз таңдауын жасауға асыққан азаматтар учаскелерге келді. Дауыс беруге алғашқылардың бірі болып келген сайлаушыларға сыйлықтар табысталды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл күні алғаш рет дауыс беріп жатқан азаматтарға да ерекше назар аударылды. Жас ақмолалықтар үшін бүгін – сайлауға қатысудағы алғашқы тәжірибе және өз азаматтық ұстанымын білдіруге берілген мүмкіндік.

Облыс бойынша барлығы 759 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның 696-сы азаматтардың тіркелген жері бойынша, тағы 63 учаске уақытша болатын орындарда орналасқан. Сайлау учаскелерінің жұмысын 4 520 адамнан құралған 780 сайлау комиссиясы қамтамасыз етеді. Өңір бойынша сайлаушылар тізіміне жарты миллионнан астам азамат енгізілген.

Бүгін жұмыс орнында жүрген азаматтар үшін де дауыс беруге жағдай жасалған. Облыста үздіксіз жұмыс істейтін өндіріс орындарында алғаш рет үш жаңа сайлау учаскесі құрылды.

Сонымен қатар әскери бөлімдерде, демалыс үйлерінде, стационарлық медициналық мекемелерде, вахталық әдіспен жұмыс істейтін орындарда және арнайы мекемелерде де сайлау учаскелері ұйымдастырылды.

Сайлаушыларға қажетті ақпаратты алу үшін өңірде 21 call-орталық жұмыс істейді. Өз сайлау учаскесін Telegram желісіндегі «Sailau_Aqmo_Bot» боты арқылы да анықтауға болады.

Ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға да қажетті жағдайлар қарастырылған. Облыс бойынша мұндай сайлаушылардың тізімінде 2 915 адам бар. Қолжетімділік картасына 759 сайлау учаскесінің 708-і енгізілген.

Алайда дауыс берудің алғашқы сағаттары тек статистикалық мәліметтермен ғана есте қалмайды. Бүгін сайлау учаскелеріне арнайы ерте келіп, өз таңдауын жасаған азаматтарды, сондай-ақ алғаш рет сайлау бюллетенін қолына алған жастарды көруге болады. Бірі үшін бұл – азаматтық өмірдің қалыпты бөлігі болса, енді бірі үшін – жаңа тәжірибе.

Бүгінгі алғашқы кадрлардың басты кейіпкерлері де осылар: ашылған учаскелерге алғаш келген сайлаушылар, қолына бюллетень алған жастар, алғашқы белгілер және дауыс беру күнін ең алғашқылардың бірі болып бастаған азаматтарға табысталған сыйлықтар.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалықтар сайлау учаскелеріне тегін жеткізілуде

Бүгін, 23 тамызда Ақмола облысында «Тегін көлік» акциясы өтуде. Дауыс беру күні өңір тұрғындары сайлау учаскелеріне тегін жету мүмкіндігіне...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика