spot_img
Сенбі, Тамыз 22, 2026
22.2 C
Kokshetau

Ивановка ауылында 60 жылға жуық тарихы бар мектеп жаңарды

Сондай-ақ...оқыңыз

Зеренді ауданындағы Ивановка ауылында 60 жылға жуық тарихы бар мектеп күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды. Жаңарған білім ордасы енді оқушылар мен ұстаздарға жайлы әрі қолайлы жағдайда білім алып, еңбек етуге мүмкіндік береді.

Ивановка ауылындағы бастауыш мектептің салтанатты ашылу рәсіміне Зеренді ауданының әкімі Асет Құрманғожин, аудандық мәслихат төрағасы Райхан Ғабдуллина, «Намыс Групп» ЖШС басшысы Ерден Елеулов және «Кемид» ЖШС басшысы Андрей Шарипов қатысты.

Мектеп ғимараты 1968 жылы салынған. Ал 1973 жылдан бастап білім беру нысаны ретінде жұмыс істеп келеді. Бүгінде мектепте 0–4 сыныптарда 21 оқушы білім алады. Оларға 3 мұғалім сабақ береді.

Білім ошағында жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылды. Нәтижесінде мектеп ғимараты жаңарып, оқушылар мен педагогтер үшін қолайлы жағдай жасалды.

Салтанатты шара барысында аудан әкімі білім беру саласына қолдау көрсетіп, ауыл мектебін жаңғыртуға үлес қосқан кәсіпкерлерге алғысын білдірді.

– Мектеп – жай ғана ғимарат емес. Бұл – балалар білім алып, тәрбиеленіп, өз қабілеттерін ашып, болашаққа алғашқы қадам жасайтын маңызды орын. Сондықтан балаларға лайықты жағдай жасау – басты міндеттердің бірі. Бүгін күрделі жөндеудің арқасында мектеп жаңа тыныс алды. Жаңарған ғимарат балаларымыздың білім алып, дамуына және жаңа жетістіктерге жетуіне мүмкіндік береді, – деді Асет Құрманғожин.

Аудан әкімі мектепті күрделі жөндеуден өткізуге қолдау көрсеткен меценат, аудандық мәслихат депутаты, «Намыс Групп» ЖШС басшысы Ерден Елеуловке және «Кемид» ЖШС басшысы Андрей Шариповке ризашылығын білдірді.

«Мұндай көмек – әлеуметтік жауапкершіліктің және туған ауданның болашағына деген қамқорлықтың нақты үлгісі. Кәсіпкерлер, депутаттар, тұрғындар мен мемлекеттік органдар бірлесе жұмыс істеген кезде маңызды жобаларды жүзеге асырып, елді мекендеріміздің өмір сүру сапасын жақсарта аламыз», – деді аудан әкімі.

Кәсіпкерлердің қолдауы ауылдағы білім беру инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосты. Мұндай бастамалар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін көрсетіп қана қоймай, ауыл тұрғындары үшін маңызды нысандарды жаңғыртуға мүмкіндік береді.

Іс-шара барысында Ерден Елеуловке ауданның дамуына қосқан үлесі үшін «Зеренді ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі мен алғыс хат табысталды. Ал Андрей Шариповке алғыс хат берілді.

Жаңарған мектептің ашылуы ауыл тұрғындары үшін маңызды әлеуметтік оқиға болды. Ұстаздар мен оқушылар жаңа оқу жылын жаңарған, жайлы білім ордасында қарсы алды.

Аудан әкімі мектеп ұжымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, мұғалімдер мен оқушыларға табыс, жаңа жетістіктер және шығармашылық ізденіс тіледі.

Жаңарған мектеп енді ауыл балаларының білім алып, армандарын қалыптастырып, үлкен мақсаттарға қадам басатын маңызды білім ордасына айналмақ.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрылтай – қоғам мен билік арасындағы ашық диалогтың жаңа алаңы

Ақылбек Данабек Қосшы қаласы мәслихатының депутаты Менің ойымша, Құрылтайдың құрылуы - қазіргі саяси жүйенің дамуындағы маңызды кезең. Бүгінде қоғам белсенді бола...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика