spot_img
Дүйсенбі, Шілде 27, 2026
27.1 C
Kokshetau

Цифрлық құқық дегеніміз не?

Сондай-ақ...оқыңыз

Ата заңның 18-бабында әр адам жеке өмірі мен отбасы құпиясын сақтауға толық құқылы екені анық жазылған. Технология дамыған заманда бұл конституциялық қағида тек шынайы өмірде емес, цифрлық кеңістікте де қатаң сақталуға тиіс. Күнделікті өмірде құқығымыз бұзылса, кімнен көмек сұрау керегін жақсы білеміз. Мәселен, дүкеннен сапасыз тауар алсақ – айырбастап аламыз немесе шағымданамыз. Бірақ қолға телефон алып, ғаламторға кірген сәттен бастап, біздің заңды құқығымыз бен қауіпсіздігіміз назардан тыс қалып жатады.

Қарапайым тілмен айтқанда, «цифрлық құқық» – виртуал әлемдегі сіздің жеке қорғаныңыз. Ол неден тұрады?

  • Жеке мәліметті құпия сақтау. ЖСН, мекенжай немесе емханадағы тіркеуіңіз (мысалы, DamuMed-тегі денсаулық жағдайыңыз) – тек өзіңізге тиесілі дүние. Оны рұқсатсыз ешкім ешқайда тарата алмайды.
  • Сандық қауіпсіздік. Бөтен біреудің сіздің атыңыздан несие алуы немесе ЭЦҚ кілтіңізбен құжаттарға онлайн қол қоюы – цифрлық құқығыңыздың өрескел тапталуы.
  • Ақпаратты жоюды талап ету құқығы. Егер бұрын-соңды бір сайтқа немесе қосымшаға тіркеліп, кейін оны қолданғыңыз келмесе, жүйедегі барлық жеке дерегіңізді түбегейлі жоюды талап етуге толық құқығыңыз бар. Бұл да сіздің заң қорғайтын негізгі құқықтарыңыздың бірі.

Бүгінде елімізде мемлекеттік қызметтердің 93 пайызы цифрлық форматқа өткен. Бұл расымен де ыңғайлы әрі уақыт үнемдейді. Дегенмен, мұның ар жағында үлкен қауіп жасырынып тұр. Кейінгі жылдары түрлі базадан миллиондаған отандасымыздың жеке мәліметі ұрланып, ашық кеңістікке тарап кеткен жағдайлар жиіледі.

Бұдан қалай қорғанамыз? Осындай келеңсіздіктерді жою мақсатында «Еркіндік қанаты» және «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» қорлары бірігіп, Еуропалық Одақтың қаржыландыруымен DEREK атты ауқымды жобаны қолға алды. Бұл бастама 2028 жылдың соңына дейін жалғасады және оның басты мақсаты – халықтың интернеттегі сауатын арттыру. Егер сіздің жеке дерегіңіз ұрланса немесе сандық құқығыңыз бұзылса, жоба аясында жұмыс істейтін заң клиникаларынан тегін көмек алуға болады.

Сөз соңында айтарымыз: интернеттегі ақпаратыңызға бейжай қарамаңыз. Цифрлық әлемде де өз құқығыңызды танып, талап ете біліңіз!

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Ақмола облысында «Әділет» партиясының облыстық сайлауалды штабының ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға штаб мүшелері, партия белсенділері, жастар ұйымдарының өкілдері, кәсіпкерлер...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика