spot_img
Бейсенбі, Шілде 30, 2026
32.4 C
Kokshetau

«Мәселемізге құлақ асты»: Ақмола тұрғындары «Әділетті Қазақстан үшін» керуенінің өкілдеріне не айтты

Сондай-ақ...оқыңыз

«Әділет» партиясының «Әділетті Қазақстан үшін» атты партиялық жобасының мобильді керуені бес күн бойы Ақмола облысын аралады: партия өкілдері 527 шақырым жолды артқа тастап, ең шалғайдағы елді-мекендер мен ауылдарды аралады. Осы ауылдағы халықтың көпшілігі үшін бұл мобильді керуен мәселені сол жерде айтып, сол жерде шешімін еститін жалғыз мүмкіндік еді. Халық партия өкілдеріне шұрық-тесік жол, суға жарымайтын ауылдар туралы, сондай-ақ жалақының аздығы мен балалардың болашағы туралы мазалаған сұрақтарын ашық айтты.


Жалпы, партия өкілдері мінген мобильді керуен төрт ауданды, Шортанды, Ақкөл, Бұланды және Бурабай аудандарын аралады. «Әділет» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Армангүл Тоқтамұрат, Юлия Кучинская, Динара Садуақасова, Ерқанат Мұсылманбек пен Еділ Хамза мінберден ресми баяндама жасаудың орнына, халық алдына шығып, олардың мұң-мұқтажын тыңдады.
Армангүл Тоқтамұраттың айтуынша, бұл сапардың басты мақсаты да сол – халық үніне құлақ асу.
«Біз келе сала мақсатымыз тұрғындарды тыңдау екенін айттық. Бәріміз осы өңірлерден шыққанбыз, бұл аудандарда жақындарымыз тұрады, сондықтан, осы елдімекендердің тағдырына бей-жай қарай алмаймыз», – деді ол.
Партия өкілдерімен кездескен тұрғындар әртүрлі сұрақ қойды. Олар инфрақұрылымның жағдайы мен коммуналдық қызметтердің сапасынан бастап осы ауылдарды дамыту, халықтың табысын арттыруға дейінгі мәселелердің бәріне қатысты сұрақ қойған.


Құрылтай депутаттығына кандидат Юлия Кучинскаяның айтуынша, дәл осындай сапарлардың арқасында қазақ ауылдарының шынайы тұрмыс-тіршілігі байқалады.
«Біз барған аудандардың барлығында дерлік инфрақұрылым, коммуналдық қызмет сапасы, халықтың кірісі мен ауылды дамыту мәселелері өзекті болып отыр екен. Біздің «Әділетті болашақ үшін» атты сайлауалды бағдарламасы осы мәселелердің барлығына дерлік шешім ұсынған. Мәселен, біздің бағдарламада ауылдағы кемі бір миллион адамның табысын арттырып, 3500 тірек және спутниктік ауылды дамыту туралы міндет бар», – деді ол.
Жалпы, халықтың бұл кездесулерге аса ынтамен келгені анық байқалды. Мобильді керуен ашылған күні ашық диалогқа 200 адам, ал, Макинск пен Щучье аудандарындағы талқылауларға 230-ден астам адам келген. Сонда, бас-аяғы 430-дан астам адам талқылауға қатысқан.


Ал, Шортанды кентінің белсенді тұрғындары партия өкілдері алдын ала баяндама дайындап емес, халықпен ашық кездесуге келгенін және бұл бірінші рет байқалып отырған құбылыс екенін айтты. Тұрғындардың ұсыныстары, арыз-шағымдары мен бастамаларының бәрі арнайы реестрге жазылды. Партия өкілдері аймақтардан оралған соң осы құжаттағы мәселелердің шешімін іздей бастайды.
Мобильді керуен Ақмола облысынан кейін Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарына барады. Жалпы, «Әділетті Қазақстан үшін» жобасы 18 тамызға дейін алты макроөңір, елдегі 100-ден астам ауданды аралап, 10 мыңнан астам тұрғынның мұң-мұқтажын тыңдауды жоспарлап отыр.

Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Цифрлық құқық дегеніміз не?

Ата заңның 18-бабында әр адам жеке өмірі мен отбасы құпиясын сақтауға толық құқылы екені анық жазылған. Технология дамыған заманда...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика