spot_img
Сәрсенбі, Қазан 7, 2026
1.4 C
Kokshetau

Ақмола облысы Қазақстандағы ең қарқынды дамып келе жатқан өңір атанды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы еліміздің ең қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің рейтингінде бірінші орынға шығып, ірі мегаполистер мен басқа да облыстарды басып озды.

Өңір бірден бірнеше негізгі бағыт бойынша тұрақты өсім көрсетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 153,1 %-ды құрады. Шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 5,2 %-ға артса, олар өндірген өнім, көрсетілген жұмыс пен қызмет көлемі 32,3 %-ға өсті.

Халықтың табысы да айтарлықтай артқан. Орташа айлық жалақы 13,5 %-ға, ал медианалық жалақы 14,7 %-ға көбейді.

Өңірдің дамуына елордаға жақын орналасуы да оң әсерін тигізуде. Тұрғын үй құрылысы, логистикалық орталықтар, өндірістік кәсіпорындар мен агроөнеркәсіптік кешен қарқынды дамып келеді. Сонымен қатар Ақмола облысы ауыл шаруашылығындағы мықты әлеуетін сақтап, көлік инфрақұрылымын дамытып, инвестиция тарту жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.

Осының барлығы Ақмола облысына экономикалық өсімнің жоғары қарқынын сақтауға және Қазақстанның ең серпінді дамып келе жатқан өңірлерінің бірі ретіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік беруде.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

ІІМ «Балаларға назар аударыңыз!» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне қатысты заңнама...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика