spot_img
Жексенбі, Қазан 11, 2026
4.5 C
Kokshetau

Ақмола облысында полицейлер «Ішімдіксіз ауыл» ЖПІШ барысында вейптердің ірі партиясын тәркіледі

Сондай-ақ...оқыңыз

17 маусымда Атбасар қаласындағы базарлардың бірінің аумағында учаскелік полиция инспекторлары айналымға тыйым салынған никотинді тұтынудың электрондық жүйелерін сақтау фактісін анықтады. Сауда контейнерлерінің бірінен 57 вейп табылып, тәркіленді.
Тергеу барысында өнім Астанадан сатып алынып, одан әрі сатуға арналғаны анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, «Waka 6000» құрылғыларының бірлігі 5 мың теңгеден, ал «Waka 8000» құрылғылары 6 мың теңгеден сатылған. 35 «Waka 6000» және 22 «Waka 8000» құрылғылары тәркіленді.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер құрамында никотин бар өнімдердің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу жұмыстарын жалғастыруда.
Тәртіп сақшылары никотинді тұтынудың электронды жүйелерінің заңсыз айналымы жауапкершілікке әкелетінін және оларды қолдану денсаулыққа, әсіресе жастар арасында үлкен зиян келтіруі мүмкін екенін еске салады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында рұқсатсыз граффити салудың құқықтық салдары түсіндірілді

Ақмола облысында қоғамдық тәртіпті сақтау және вандализмнің алдын алу бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Ғимараттардың қасбеттеріне, аялдамаларға, қоршауларға және басқа да...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика