spot_img
Бейсенбі, Маусым 11, 2026
21.5 C
Kokshetau

Қорғалжын ауданының жастары «Egindikol ECO FEST-2026» экологиялық фестиваліне белсене қатысты

Сондай-ақ...оқыңыз

ЕГІНДІКӨЛ, 2026 жылғы 11 маусым – Бүгін Егіндікөл ауылында өткен «Egindikol ECO FEST-2026» жастар экологиялық акциясына Қорғалжын ауданының белсенді жастары да қатысып, табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті насихаттауға өз үлестерін қосты.

Фестиваль аясында жастар экологиялық бастамаларға қолдау білдіріп, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған түрлі іс-шараларға қатысты. Бағдарлама аудан әкімі Юрий Викторович Курушиннің құттықтау сөзімен басталып, қатысушылардың бірлескен ағаш отырғызу акциясымен жалғасты.

Сондай-ақ, фестиваль барысында Бектемір Сүфі кесенесіне танымдық экскурсия ұйымдастырылып, қатысушылар өңірдің тарихи-мәдени мұрасымен танысты.

Кешкі бөлімде Егіндікөл, Астрахан және Қорғалжын аудандарының жастары арасында достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған спорттық жарыстар өткізіліп, белсенді қатысушылар марапатталды.

Іс-шара мерекелік open-air форматындағы жастар кешімен қорытындыланды. «Egindikol ECO FEST-2026» фестивалі өңір жастарының өзара ынтымақтастығын арттырып, экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал еткен маңызды алаң болды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Аршалы ауданында «Таза ел – жарқын болашақ» экологиялық акциясы өтті

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Есіл өзенінің жағалауында «Таза ел – жарқын болашақ» атты...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика