spot_img
Жексенбі, Маусым 14, 2026
22.4 C
Kokshetau

 Целиноград ауданында өмір сапасын арттыруға бағытталған пилоттық жоба қорытындыланды

Сондай-ақ...оқыңыз

«Аманат» партиясы мен Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен, сондай-ақ кәсіпкер Вячеслав Кимнің AÑSA жеке қорының қаржылық қолдауымен Ақмола облысының Целиноград ауданында Baquatty Audan пилоттық жобасы жүзеге асырылды.

Бүгін жобаны іске асырған Esen Foundation қоры бастаманың бір жылдық нәтижелерін қорытындылауға арналған дөңгелек үстел өткізді.

AÑSA жеке қоры бұл жобаны мемлекет, азаматтық қоғам және бизнес өкілдерінің адамдардың әл-ауқатын арттыру жолындағы тиімді серіктестігінің жарқын үлгісі ретінде бағалайды. Жоба аясында тұтас бір аудан тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізілді.

Бір жыл ішінде Целиноград ауданында білім беру, денсаулық сақтау және инклюзия бағыттары бойынша маңызды нәтижелерге қол жеткізілді. Әлеуметтік саладағы мекемелер заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп қана қоймай, олармен тиімді жұмыс істей алатын білікті мамандармен толықтырылды.

Жобаның басты ерекшелігі – кадрлық әлеуетті дамытуға ерекше назар аударылуы. Бұл жұмысқа сырттан мамандар тартылған жоқ. Керісінше, жергілікті тұрғындар қайта даярлықтан өтіп, біліктілігін арттыру арқылы жаңа мүмкіндіктерге ие болды. Соның нәтижесінде ауданның әлеуметтік инфрақұрылымында тұрақты және ұзақмерзімді өзгерістер қалыптасты.

Baquatty Audan жобасының нәтижелері ауыл тұрғындарының нақты өміріне оң әсерін тигізіп, көптеген отбасылардың өмір сапасын жақсартуға ықпал етті. Сонымен қатар жоба Астана агломерациясының дамуына үлес қосатын тиімді шешімдер қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Жоба қорытындылары өңірлік дамудың жаңа тәсілдерін қалыптастыруда маңызды тәжірибе ретінде қарастырылып отыр.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Аршалы ауданында «Таза ел – жарқын болашақ» экологиялық акциясы өтті

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Есіл өзенінің жағалауында «Таза ел – жарқын болашақ» атты...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика