spot_img
Бейсенбі, Қыркүйек 17, 2026
15.2 C
Kokshetau

Өңірлік коалиция мүшелері медицина мамандарымен кездесті

Сондай-ақ...оқыңыз

«Әділетті әрі прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» өңірлік коалициясының мүшелері Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасы ұжымымен кездесу өткізді. Жиын барысында медицина қызметкерлеріне жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен жаңашыл тұстары жан-жақты түсіндірілді.

Кездесуде коалицияның атқарушы хатшысының орынбасары Ақманат Әлімбетова сөз алып, ұсынылып отырған негізгі заң жобасының басты басымдықтарына тоқталды. Оның айтуынша, жаңа Конституция  елдегі саяси және әлеуметтік жаңғырудың негізі болмақ.

Сондай-ақ, хатшы орынбасары медицина қызметкерлерінің қоғамдағы рөлі ерекше екенін атап өтіп, құқықтық мемлекет құру жолында әр азаматтың жауапкершілігі маңызды екенін жеткізді.

Коалиция мүшесі Ғалия Сабатаева референдумның тарихи маңызын тілге тиек етті. Ал, Айдын Раисов өз сөзінде стратегиялық маңызы бар реформаларды халықтың қолдауы табысты жүзеге асырудың кепілі екенін атап өтті. Кездесу барысында медицина қызметкерлері өз сауалдарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Ашық диалог форматында өткен жиын өзара түсіністік пен пікір алмасуға негізделді.

Шара соңында коалиция өкілдері ұжымды алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырып, азаматтық ұстанымды білдіру  ел дамуына қосылған нақты үлес екенін атап өтті.

Осылайша, еңбек ұжымдарымен өткізілген мұндай кездесулер жаңа Конституция жобасын кеңінен түсіндіруге және қоғамның түрлі салаларындағы пікірлерді ескеруге бағытталған маңызды қадам болып отыр.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Адамның цифрлық ізі: желіге әрбір кірген сайын не қалады

Көптеген адамдар күнін таңғы астан емес, смартфоннан бастайды. Келген хабарларды, пошта мен әлеуметтік желілерді тексеру, картадағы балансты қарау, сатып...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика