spot_img
Бейсенбі, Ақпан 12, 2026
-16.8 C
Kokshetau

«Bolashaq Saraiy» ұжымымен «Конституция – құқықтық іргетасы» атты дөңгелек үстел өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

«Bolashaq Saraiy» мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясына арналған «Конституция – құқықтық іргетасы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға мекеменің 45 қызметкері қатысып, Ата Заңның қоғам өміріндегі маңызы мен рөлі кеңінен талқыланды.
Дөңгелек үстел барысында әр бөлім өкілдері Конституцияның түрлі қырларын ашып көрсетіп, мазмұнды баяндамалар ұсынды.
Ғылыми-зияткерлік бөлімінің әдіскері Токимова А. С. «Экологиялық ғылым және Конституциядағы қоршаған ортаны қорғау қағидаттары» тақырыбында баяндама жасап, қоршаған ортаны қорғаудың конституциялық негіздері мен экологиялық жауапкершіліктің маңызын атап өтті.
Ағылшын тілі педагогы Рахмет Ә. К. «Конституция – қоғам тұрақтылығының тірегі» тақырыбында сөз сөйлеп, Ата Заңның ел бірлігі мен тұрақты дамудың басты кепілі екенін айқындады.
Спорт бөлімінің әдіскері Исабаева Г. Б. «Конституция как “Живой договор” между государством и гражданином в эпоху цифровизации» тақырыбында баяндама жасап, цифрландыру дәуіріндегі азамат пен мемлекет арасындағы өзара жауапкершілік пен құқықтық қатынастардың өзектілігін көтерді.
Шығармашылық бөлімінің әдіскері Ережепова М. Н. «Конституция – құқық пен жауапкершілік кепілі» тақырыбында ой бөлісіп, әрбір азаматтың құқықтарын сақтау мен міндеттерін орындаудың маңыздылығын атап өтті.
Психологиялық-педагогикалық қызмет әдіскері Кокенова А. С. «Қазақстан Республикасының Конституциясындағы балалар құқықтары» тақырыбында баяндама жасап, балалардың құқықтарын қорғау – мемлекеттің басты басымдықтарының бірі екенін жеткізді.
Іс-шара қорытындысында қатысушылар баяндамалар төңірегінде пікір алмасып, Конституцияның қоғам өміріндегі стратегиялық рөліне тоқталды. Дөңгелек үстел мазмұнды ойлар мен маңызды тұжырымдарға толы болып, ұжым мүшелерінің құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал етті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақкөл ауданында конституциялық реформалар талқыланды

Ақкөл аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысында конституциялық реформалардың жүзеге асырылуы және оның ел дамуына ықпалы талқыланды. Жиынға аудандық мәслихат депутаттары,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика