spot_img
Жұма, Ақпан 6, 2026
-16.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған жаңа қызмет ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыста алғаш рет ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған ерте қолдау қызметі кабинеті өз жұмысын бастады. Бұл қызмет Бурабай ауданының Щучье қаласындағы психолого-педагогикалық түзету кабинеті №6 базасында ашылды. Жаңа кабинет ерекше қажеттіліктері бар 0-3 жас аралығындағы балаларға бағытталған.

Ерте қолдау қызметінің негізгі мақсаты – баланың функционалдық дамуын арттыру және ата-аналарды күнделікті тәрбие мен оқыту мәселелерінде қолдау көрсету. Мұнда балаларға өмірлік дағдыларды меңгеруге, отбасымен және қоғаммен дұрыс қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік жасалады. Сондай-ақ, ата-аналардың біліктілігі арттырылып, баланың жаңа дағдыларды меңгеруі үшін қолайлы жағдай жасалады.

Қызмет іске қосылған алғашқы кезеңде 11 бала түзетуші көмек алды. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта артатын болады деп күтілуде. Қазіргі таңда облыс бойынша әрбір аудан орталығы мен қалада барлығы 21 психолого-педагогикалық түзету кабинеті жұмыс істеп, 2000-нан астам бала қамтылған.

Мамандардың айтуынша, ерте қолдау қызметі балалардың әлеуметтік бейімделуін арттырып, олардың өмірге деген сенімін нығайтады. Сонымен қатар, ата-аналар балаларын дамыту жолында кәсіби кеңес пен нақты көмек ала отырып, отбасының әл-ауқатын арттыра алады. Бұл бастама өңірде инклюзивті білім беруді дамытуға, балаларға тең мүмкіндік жасауға бағытталған маңызды қадам болып отыр.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Алматыда жаңа Конституция жобасы шығармашылық зиялы қауыммен талқыланды

Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған мазмұнды жиын өтті. Басқосуға Қазақстан Жазушылар...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика