spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Төлем терминалынан ақша ұрлаған ұры табылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қылмыс Державинск қаласында осы жылдың қаңтарында жасалған. Бірден ізін суытқан қылмыскер табылмай, арада жарты жыл өткенде барып, ұрлық жасаған деген күдікті азамат қолға түсті, – деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жәбірленушінің айтуынша азық-түлік дүкендерінің бірінде орналасқан төлем терминалын бұзып ашып, 100 мың. теңге ақшаны жымқырып кеткен.

Арыз түсе сала жедел-іздестіру тобы қылмыскерді іздеуге кірісті. Алайда, қомақты қаражатты қолды қылған азаматты бірден қолға түсіру мүмкін болмады. Бірнеше ай бойы полицейлер іздеу жұмыстарын жалғастырды. Тек 20 маусым күні жұмыс нәтижесін беріп 26 жастағы Державинск қаласының тұрғыны аталған қылмысты жасаған деген күдікпен қолға түсті, – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әсем Әбдірахманова.

Қазір аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 188 бабының 2 тармағы «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер ұсталған жігіттің басқа да қылмыстарға қатыстылығының бар-жоғын анықтауда.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img