spot_img
Жексенбі, Мамыр 17, 2026
18.7 C
Kokshetau

Қосшы кітапханасы 5 мың жаңа кітаппен толықты

Сондай-ақ...оқыңыз

Қосшы қаласының орталық кітапханасы 5 мыңнан астам жаңа кітаппен толықты. Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасынан берілген бұл әдебиеттер қала тұрғындары үшін білім мен руханиятқа жол ашатын үлкен сыйға айналды. Жаңа кітаптар заманауи Рухани орталық қоғамдық мәдени-спорт кешенінде орналасқан кітапхананың қорын едәуір байытып, оқырман сұранысын кеңінен қамтуға мүмкіндік беріп отыр.
Қосшы қаласындағы бұл заманауи кеңістік бүгінде қала тұрғындары үшін білім мен руханияттың маңызды орталығына айналып отыр. Кітапхана қызметкерлерінің айтуынша, жыл сайын шамамен 25 мыңға жуық оқырман осында келіп, өзіне қажетті әдебиетті табады.
Жуырда Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының теңгерімінен Қосшы қаласының орталық кітапханасына 5 мыңнан астам жаңа кітап берілді. Бұл әдебиеттердің жалпы құны 8 630 439 теңгені құрайды. Жаңа кітаптар жаратылыстану, техника, ауыл шаруашылығы, медицина, қоғамдық-саяси бағыт, тіл білімі, әдебиеттану, көркем әдебиет және өнер салаларын қамтиды. Бұл кітаптар кітапхана қорын едәуір байытып, оқырмандар сұранысын кеңінен қанағаттандыруға мүмкіндік беріп отыр.
Қосшы қаласы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Айнагүл Көңбайқызы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Күміс Сейітоваға және кітапхана ұжымына қосшылық оқырмандар атынан алғысын білдірді.
Кітапханаға келушілердің саны күн санап артып келеді. Кітапханашы Алтын Серікбайқызының айтуынша, оқырмандардың жас ерекшелігі әртүрлі.
Қосшы қаласының орталық кітапханасы бүгінде тек кітап алатын орын ғана емес, 5 мыңнан астам жаңа кітаппен толыққан, білім алмасу мен рухани дамудың заманауи алаңына айналып келеді.
Айта кетейік, Қосшы қаласының орталық кітапханасы өткен жылдың сәуір айында пайдалануға берілген. Кең кітап қоры, оқырманға қолайлы инфрақұрылымы және жаңа форматтағы қызмет түрлері арқылы бұл кітапхана Қосшы қаласының рухани дамуына серпін беретін маңызды нысан ретінде өз жұмысын табысты жалғастыруда.

 

Фото – Қосшы қаласының әкімдігінің

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Жас Ұрпақ» — жастарды бірлік пен жауапкершілікке бастайтын жоба

Зеренді ауданындағы «Sunqar» балалар лагерінде «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің екінші облыстық слеті өтті. Ауқымды іс-шара Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика