spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 1, 2026
2.2 C
Kokshetau

Полиция департаментінің түсіндірмесі

Сондай-ақ...оқыңыз

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасында шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынып тасталды деген жалған ақпарат тараған.

Аталған мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді және фактілердің бұрмалануы болып табылады. Жер мен табиғи ресурстарға қатысты нормалар ешқандай өзгеріске ұшыраған жоқ және Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясының талаптарына толықтай сәйкес келеді.

Аталған ақпаратты тарату фактілері құқықтық тұрғыдан бағаланды. Алматы қаласының аудандық әкімшілік сотының қаулысымен А. есімді азамат жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танылып, 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Алматы қаласы Полиция Департаменті азаматтар мен медиа қауымдастық өкілдерін тек ресми және тексерілген ақпарат көздерін пайдалануға шақырады, сондай-ақ жалған ақпаратты жария кеңістікте таратудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.

Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Дрондар бақылауда: Ақмола облысында экология мен тасқын жағдайы әуеден қадағаланып отыр

 Ақмола облысында цифрлық технологияларды енгізу қарқынды жалғасуда. Бүгінде «Бірыңғай дрон инфрақұрылымы» жобасы аясында өңірде 22 стационарлық дрон және 1...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика