spot_img
Жексенбі, Мамыр 17, 2026
22.2 C
Kokshetau

Ерейментау ауылдарында ауыл шаруашылығы саласына инвестициялық серпін

Сондай-ақ...оқыңыз

Ауданда ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларға жаңа серпін берілуде. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпанның сапарында белгілі болды.

Сапар Тайбай ауылынан басталды. Мұнда облыс әкімінің орынбасары «Ырыс–2016» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің қызметімен танысты. Жоба іске асса, 3 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Сонымен қатар, Торғай ауылында «Торғай» ЖШС қалмақ тұқымды ірі қара малға арналған бордақылау алаңының жұмысын көрсетті. Жоспар бойынша аналық мал басы 17 жарым мың басқа дейін жеткізіліп, 240 тікелей және 400 жанама жұмыс орны құру көзделген. Бюджетке 1,1 млрд теңге көлемінде кіріс түсетіні жоспарланған.

Сондай-ақ, ет кластерін дамытуға арналған консорциум жобасы таныстырылды. Жобада мал өсірумен айналысатын шаруашылықтарға аналық мал ақшалай емес, төл түрінде беріледі. Бұл фермерлердің қаржылық жүктемесін азайтып, кооперацияны тиімді дамытуға мүмкіндік береді.
Қарағайлы ауылында «Қарағайлы» СПК қызметі көрсетілді. 2025 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 8,8 млн теңге несие рәсімделіп, шамамен 100 бас қой сатып алынған. Осылайша, 2 тұрақты жұмыс орны ашылды.

Облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпан фермерлердің жобаларды тиімді іске асыруын қадағалауды және мал шаруашылығы саласын әрі қарай дамытуға барлық күш-жігерді жұмсауды тапсырды.

Фото: Ерейментау ауданы әкідігі

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Жас Ұрпақ» — жастарды бірлік пен жауапкершілікке бастайтын жоба

Зеренді ауданындағы «Sunqar» балалар лагерінде «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің екінші облыстық слеті өтті. Ауқымды іс-шара Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика