spot_img
Бейсенбі, Қаңтар 29, 2026
-8.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында мемлекеттік рәміздерге қатысты заң талаптары түсіндірілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыста мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібіне арналған семинар өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұранына қатысты заң талаптарын түсіндіру, ұлттық стандарттарды сақтау мәселелеріне назар аудару және осы саладағы бақылау мен жауапкершілік тетіктерін нақтылау болды.

Семинарға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Геральдикалық зерттеулер орталығы» мамандары, ішкі саясат басқармасының өкілдері, сондай-ақ Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті қатысты. Қатысушылар қатарында облыстық басқармалар мен департаменттердің, аумақтық инспекциялардың, Көкшетау қаласындағы мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері болды.

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сабырхан Кенжебаев мемлекеттік рәміздердің ел егемендігінің басты белгілері екенін атап өтті. Оның айтуынша, рәміздерге құрметпен қарау – әрбір азаматтың азаматтық жауапкершілігі.

«Мемлекеттік рәміздер заңмен бекітілген талаптарға сай қолданылуы тиіс және бұл мәселе қоғамдық мәдениеттің маңызды көрсеткіші болып саналады. Сондай-ақ ол Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету ұлттық мәдениеттің айқын көрінісі»,-деді Сабырхан Кенжебаев.

«Геральдикалық зерттеулер орталығының» ведомстволық наградаларды сараптау бөлімінің басшысы Әділхайыр Мырзаханов өз баяндамасында мемлекеттік рәміздерді қолдану Конституциямен және арнайы нормативтік-құқықтық актілермен реттелетінін түсіндірді.

«Үкіметтің №873 қаулысы мемлекеттік рәміздерді орналастыру мен пайдалану талаптарын айқындайтын негізгі құжаттардың бірі. Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелердегі Ту мен Елтаңбаның орналасу тәртібіне де ерекше тоқталуымыз қажет, Тудың Елтаңбаның сол жағында, белгіленген өлшемге сай орналастырылуы қажет»,-деп түсіндірді бөлім басшысы.

Ал «Геральдикалық зерттеулер орталығының» геральдикалық зерттеулер бөлімінің басшысы Асылжан Бижанов барлық мемлекеттік мекемелердің ғимараттарында Мемлекеттік Ту мен Елтаңба міндетті түрде орнатылуы тиіс екенін жеткізді. Оның айтуынша, рәміздердің сыртқы келбеті талапқа сай болуы, ластанбауы және жарамды күйде сақталуы аса маңызды.

«Бұл әсіресе солтүстік өңірлердегі климаттық ерекшеліктерді ескере отырып, тұрақты бақылауды қажет етеді. Негізгі мақсат – мемлекеттік рәміздерге деген құрметті күнделікті тәжірибеде нақты көрсету»,-деді Асылжан Бижанов.

Семинар барысында ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Ербол Оспанов ұлттық стандарттардың сақталуына тоқталды. Ол департамент тарапынан өндірушілердің белгіленген талаптарды орындауына қатаң бақылау жүргізілетінін атап өтіп, бұл жұмыс мемлекеттік рәміздердің сапалы әрі заңға сай дайындалуын қамтамасыз етуге бағытталғанын айтты.

Іс-шара соңында қатысушылар арасында пікір алмасу өтіп, мемлекеттік рәміздерді пайдалану кезінде жиі кездесетін мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды. Семинар мемлекеттік рәміздерге деген жауапкершілікті арттыруға және оларды қолдануда бірыңғай талаптарды қалыптастыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Елге қызмет – абыройлы міндет» жобасы өңірімізде жалғасын табуда

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ ұйымдастыруымен, «Елге қызмет – абыройлы міндет» жобасы аясында «дөңгелек үстел» өткізілді. Іс-шараға...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика