spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 28, 2026
-11 C
Kokshetau

«Елге қызмет – абыройлы міндет» жобасы өңірімізде жалғасын табуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ ұйымдастыруымен, «Елге қызмет – абыройлы міндет» жобасы аясында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шараға құқық қорғау құрылымдарының, облыстың әскери оқу орындары мен әскери бөлімдерінің өкілдері, сондай-ақ әскери қызмет өткерген, кәсіби салада табысты іске асырғысы келетін, сондай-ақ облыстың дамуына оң үлес қосуға дайын облыстың жастары қатысты.                 Іс-шара модераторы Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары – Сабырхан Мейірханұлы Кенжебаев болып табылды.

Дөңгелек үстел барысында, 2025 жылды қорытындылау мақсатында аталмыш жоба бойынша тақырыптар талқыланды.

«Бүгін біз «Елге қызмет – абыройлы міндет» жобасының  2025 қорытындысы мен 2026 жылға арналған жоспарларды талқылау үшін жиналып отырмыз.

Бүгінгі таңда қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі өзегі «Заң мен тәртіп» идеологемасы. Бұл қағидат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен мемлекеттік саясаттың басты бағыты ретінде айқындалып отыр.

Президенттің бұл бастамасы құқық қорғау жүйесін жаңғыртуға, құқық бұзушылықтың алдын алуға, сондай-ақ әрбір азаматтың заң алдындағы жауапкершілігін күшейтуге бағытталған. «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғам өмірінің барлық саласында орнықтыру – мемлекет пен азамат арасындағы сенімді нығайтып, елдің тұрақты дамуына негіз қалайды.

«Елге қызмет – абыройлы міндет» жобасының мақсаттары мен міндеттері  қоғам өміріндегі аса маңызды «Заң мен тәртіп» идеологемасымен тұспа-тұс болып келеді.

«Елге қызмет – абыройлы міндет» жобасының мақсаты – әскери борышын өтеген жастардың дағдылары мен білімін ескере отырып, оларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, әскери қызметке міндеттілердің азаматтық қоғамға табысты интеграциясын қамтамасыз ету, патриоттық тәрбие беру және жастардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Аталған жоба облыстық жастар ресурстық орталығы бастамасымен 2024 жылдан бері жүзеге асырылып, жүздеген жас адамға әскерден кейін бейімделуге, оқуға түсуге, өз жолын табуға қолдау көрсетілді» – деп, өз сөзінде облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сабырхан Кенжебаев тоқталып кеткен болатын.

Алдағы кезеңде де әскери борышын өтеген жастарды жұмыспен қамту, олардың азаматтық өмірге бейімделуіне жағдай жасау, патриоттық құндылықтарды нығайту және құқықтық мәдениетті арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

Бұл ретте мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және серіктестердің бірлескен іс-қимылы негізгі басымдық болып қала береді.

«Жоба 2024 жылдың қаңтарынан бастап тұрақты негізде жүзеге асырылып келеді. Іс-шаралар жыл бойы жоспарға сәйкес жүйелі түрде өткізіледі.

Іске асырушы органдар:

Ақмола облысының «Жастар ресурстық орталығы» МКМ – негізгі үйлестіруші.

Серіктестер: 7 меморандум жасасқан әскери-техникалық және Мемлекеттік мекемелер және Ақмола облысының «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскері-патриоттық қозғалысы РҚБ филиалымен серіктестік орнатылған.

Жоба жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен және әріптес ұйымдардың қатысуымен үздіксіз жүргізіледі.

«Елге қызмет – абыройлы міндет» жобасы аясында меморандум жасасқан ұйымдарымен дөңгелек үстел өткізіліп келеді, оның ішінде «Заң мен тәртіп» нарративі бойынша да кездесулер өткізіліп, Ақмола облысы бойынша жалпы  93 кездесуді құрады, қатысқандар саны – 12 000 адамды құрайды. Ағымдағы жылдың 4-тоқсанының нәтижесі бойынша 300-ден аса тақырыптық бейнероликтер түсіріліп,  2 900 000-ға жуық қаралым қамтылған. Жалпы аталған жоба аясында 380 адам тұрақты жұмыс орындарға орналастырылды» – дейді, облыстық ЖРО бөлімінің басшысы – Шыңғысхан Елеш.

Шара соңында, аталған жобаны дамыту жолында жүрген серіктестер қатары алғыс хаттармен табысталып, марапатқа ие болды.

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметі

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстанда неке мен отбасы құндылықтары конституциялық деңгейде күшейтіледі

Конституцияның адамның жеке басына қол сұқпаушылық, адамның негізгі құқықтарын қорғау және сот билігінің тәуелсіздігіне қатысты нормалары айтарлықтай күшейтіледі. Бұл...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика