spot_img
Дүйсенбі, Қаңтар 26, 2026
-25.8 C
Kokshetau

Заводской кентіндегі мектеп заманауи білім ордасына айналды

Сондай-ақ...оқыңыз

Степногорск қаласына қарасты Заводской кентіндегі жалпы орта білім беретін мектептің оқу базасы толықтай жаңартылды. Жоба «Қазақстан халқына» қоры мен Білім беруді тұрақты дамыту қорының қолдауымен жүзеге асырылды. Нәтижесінде мектеп 100 пайыз заманауи талаптарға сай жабдықталды, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Қазіргі таңда мектепте барлығы 538 оқушы білім алуда. Оның 205-і бастауыш сыныпта, 256-сы негізгі мектепте, ал 36 оқушы жоғары сыныпта оқиды. Жаңартылған оқу базасы барлық жастағы балаларға сапалы білім алуға тең мүмкіндік беріп отыр.

Жаңғырту барысында мектепте заманауи оқу кеңістігі қалыптасты. Оқушылар үшін жаңа құралдармен жабдықталған STEM-зертхана ашылды. Сонымен қатар, робототехника мен информатикаға арналған екі кабинет пайдалануға берілді. Физика, химия және биология пәндері бойынша зертханалар іске қосылып, оқушылар тәжірибе жасау арқылы білім алуда.

Жоба аясында оқушылардың шығармашылық және еңбек дағдыларын дамытуға да көңіл бөлінді. Мектепте медиа және арт студиялар ашылды. Бұл кабинеттерде оқушылар өз қабілеттерін дамыта алады. Ұл балаларға арналған шеберханалар заманауи станоктармен жабдықталды. Ал қыздарға тігін және аспаздық кабинеттер ашылды. Сонымен қатар, 41 балаға арналған арнайы жабдықталған сыныптар іске қосылып, инклюзивті білім беру жүйесі нығайтылды.

«Бұрын біз тек теория жүзінде айтып келген дүниелерді енді оқушыларымыз заманауи құралдармен өз қолдарымен жасап көре алады. Мұндай жоғары технологиялық базаның келуі — мектебіміз үшін үлкен серпіліс. Жаңа STEM-зертхана мен робототехника кабинеттері балалардың ынтасын оятып, білім сапасын жаңа деңгейге көтеретініне сенімдімін. Енді оқушыларымыздың халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалардағы жетістіктері еселеп артатын болады!»,-деді мектеп директоры Шынар Дауленбаева.

Аталған бастама ауыл мен қала арасындағы білім сапасындағы айырмашылықты азайтуға бағытталған. Жаңартылған мектеп оқушыларға ғылыми жобалармен айналысуға мүмкіндік беріп отыр. Олар IT саласын терең меңгеріп, болашақ мамандығын ерте таңдауға жол ашуда. Сонымен бірге, мектепке Starlink спутниктік интернет жүйесі орнатылып, білім беру үдерісі заманауи цифрлық мүмкіндіктермен толықты.

Заводской кентіндегі мектептің толық жаңартылуы ауылдық жерде де сапалы әрі заманауи білім беруге болатынын көрсететін нақты үлгі болып отыр.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының шалғай ауылдарында 3G интернет қолжетімді болды

Ақмола облысы цифрлық трансформация бағытында сенімді қадамдар жасап, тіршілігі шалғайдағы ауылдарда да сапалы мобильді байланыс пен интернетті қамтамасыз етуде....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика