spot_img
Сейсенбі, Қаңтар 20, 2026
-20.8 C
Kokshetau

Президент Үкімет мүшелеріне: Тапсырманы орындай алмасаңыздар, жеке құрылымдарға тапсырыңыздар

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев V Ұлттық құрылтайда жүк тасымалдайтын әуе компаниясын құру туралы тапсырмасы дұрыс орындалмай жатқанын айтып, Үкіметтің шешімін сынады.

Фото: Kazinform
– Жаһанның логистика картасынан лайықты орын алу үшін жүйелі ұмтылыс пен нақты әрекет стратегиясы қажет. Үкіметтің алдына авиацияда, атап айтқанда, жүк авиациясында нақты нәтижелерге қол жеткізу міндеті қойылған болатын. Менің ойымша, еліміз осы уақытқа дейін әуедегі жүк тасымалының еуразиялық орталығына айналмағаны кешірілмейтін кемшілік, қарапайым тілмен айтқанда, абсурд, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің жуықтағы шешімі сол абсурдты одан әрі ушықтырғанын атап өтті.

– Үкімет жүк тасымалдайтын мемлекеттік әуе компаниясын құру бағытында туралы дұрыс емес шешім қабылдады. Бұл міндет қандай да бір себептермен «Қазақстан темір жолы» компаниясына жүктелді. Тапсырманы орындай алмасаңыздар, бұл мәселені жеке құрылымдарға беріңіздер. Жақында өткен кеңейтілген жиналыста бұл мәселедегі басты кедергі авиациялық отынның бағасы екені, ол көрші мемлекеттердің әуежайларымен салыстырғанда бәсекеге қабілетсіз екені анықталды. Шикі мұнай өндіретін ел авиакеросиннің бағасы бойынша мұнай өндірмейтін елдермен бәсекеге түсе алмайды. Бұл абсурд емес пе?, – деді Месмлекет басшысы.

Айта кетейік, Kazinform Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдағы сөзін трансляциялап жатыр.

https://kaz.inform.kz/news/prezident-ukmet-mushelerne-tapsirmani-orinday-almasanizdar-zheke-kurilimdarga-tapsirinizdar-dfc644/

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президент неке институтын «ер мен әйелдің ерікті, ресми одағы» деп заңмен бекітуді ұсынды

Әр азаматтың таңдау құқығы бар, бірақ бұл таңдауды ешкім күшпен таңа алмайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика