spot_img
Сейсенбі, Қаңтар 20, 2026
-20.8 C
Kokshetau

Парламентке өту межесін қазіргі бес пайыз деңгейінде қалдыру керек

Сондай-ақ...оқыңыз

Жаңа Парламент ешкімнің қамқорлығына, қадағалауына мұқтаж емес екеніне сенімдімін. Бұл туралы Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

Фото: Ақорда
– Қазақстан халқы Ассамблеясының арнайы квотасы да алынып тасталады. Осы ұстаныммен жастарға, әйелдер мен ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған квотаны қоса алып тастауды ұсынғандар болды. Бірақ, бұл – мүлде басқа мәселе. Бұл квота – әлеуметтік әділдік қағидатының айқын көрінісі, сондай-ақ еліміздегі барлық қоғамдық-саяси өкілдерді ескеретін маңызды талап. Сол себепті, осы квоталарды өзгеріссіз сақтап қалуды ұсынамын, – Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент, партиялардың Парламентке өту межесін қазіргі бес пайыздан жеті пайызға қайтару қажет деген пікір айтылғанын жеткізді.

– Бұл ереже кезінде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бастамасымен қабылданған болатын. Бес жыл бұрын енгізілген осындай өзгерістер сайлау заңнамасын жақсартуға едәуір септігін тигізді. Межені төмендету арқылы Парламенттегі ірі саяси күштердің үстемдігін азайтып, партиялар арасындағы бәсекені күшейтуді мақсат тұтқан едік. Бүгінгі таңда осы норманың тиімділігіне көзіміз жетті. Ел тарихында алғаш рет Мәжіліске алты партияның өтуі – соның айқын дәлелі. Сондықтан мен бес пайыздық межені қалдырған жөн деп санаймын, – деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Президент жаңа Парламентке «Құрылтай» деген атау беруді ұсынды.

https://kaz.inform.kz/news/parlamentke-otu-mezhesn-kazrg-bes-payiz-dengeynde-kaldiru-kerek-prezident-742cb7/

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президент неке институтын «ер мен әйелдің ерікті, ресми одағы» деп заңмен бекітуді ұсынды

Әр азаматтың таңдау құқығы бар, бірақ бұл таңдауды ешкім күшпен таңа алмайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика