spot_img
Сейсенбі, Қаңтар 20, 2026
-20.8 C
Kokshetau

Пайызы тым жоғары: Құрылтайда кәсіпкерлікке жеңілдетілген несие жүйесін енгізу ұсынылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Мәжіліс депутаты, қоғам қайраткері Нұртай Сабильянов Қызылордада өтіп жатқан V Ұлттық құрылтайда кәсіпкерлікке берілетін несиенің пайыздық мөлшерлемесі тым жоғары екенін айтып, жаңа жеңілдетілген несие жүйесін енгізуді ұсынды.

Фото: Ақорда
Кеше Н. Сабильянов, О. Сәбденов, Ж. Құлекеев, Қ. Арыстанбеков, А. Күрішбаев сынды қоғам қайраткерлері Құрылтайдың 21 мүшесі экономикалық даму секциясын өткізген. Секцияда экономикаға қатысты аймақтардың дамуы бойынша бірқатар бастама көтерілді.

— Бүгінгі жиын арқылы ел ішіндегі бірқатар түйткілді мәселеге тоқталғым келеді. Бірінші, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы экономикада өсімді қалыптастыру. Қазір банктер кәсіпкерлікке несие беру кезінде 25 пайыздық мөлшерлеме қолданады. Бұл кәсіпкерлер үшін қолайсыз және бизнесті дамыту мүмкіндігін шектейді. Сол себепті кәсіпкерлікті қолдау мақсатында жеңілдетілген несие жүйесін енгізу керек деп есептеймін, — деді Н. Сабильянов Президент қатысуымен өтіп жатқан V Ұлттық құрылтайда.

Депутаттың айтуынша, мұны даму институттары мен банктердің қаражатын үйлестіру арқылы жүзеге асыруға болады.

— Сондай-ақ мемлекет тарапынан бизнесті қолдауға бөлінетін қаражатқа, берілетін жеңілдіктерге цифрлық платформа арқылы жыл сайын оның тиімділігіне, экономикаға әсеріне талдау мен бақылау жүргізу қажет. Өйткені жаңа жұмыс орындарын ашу, өндірісті дамыту сияқты бизнесті қолдаудың мемлекетке қайтарымы болуы керек, — деді Н. Сабильянов.

Айта кетейік, Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы басталды. Құрылтайдағы талқылауға танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектордың, бизнес-қауымдастықтардың, сараптамалық қауымдастықтың және облыстардың қоғамдық кеңестерінің өкілдері келді.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Ұлттық құрылтай жаңадан құрылған облыстардың дамуына айрықша серпін бергенін, ел тарихында алғаш рет шекаралық аумақтарды дамытуға арналған заң әзірленгенін айтқан еді.

https://kaz.inform.kz/news/payizi-tim-zhogari-kuriltayda-kaspkerlkke-zhenldetlgen-nesie-zhuyesn-engzu-usinildi-2b2e3e/

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президент неке институтын «ер мен әйелдің ерікті, ресми одағы» деп заңмен бекітуді ұсынды

Әр азаматтың таңдау құқығы бар, бірақ бұл таңдауды ешкім күшпен таңа алмайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика