spot_img
Сейсенбі, Қаңтар 20, 2026
-20.8 C
Kokshetau

Кіші Арал суының деңгейін көбейтуге айтарлықтай мүмкіндік болады

Сондай-ақ...оқыңыз

Кіші Аралдың суының көлемін айтарлықтай көбейтуге мүмкіндік болады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтты.

Фото: Kazinform
– Өткен ғасырдың ортасында адамзат баласы алғаш рет Байқоңырдан ғарышқа аттанғаны бүкіл әлемге белгілі дерек. Ұлы Жібек жолының бойындағы тарихи өлке жаңа дәуірде де ойдағыдай дамуда. Қызылордағы келіп тұрып Арал мәселесіне тоқталмай кету мүмкін емес. Аралды құтқару барша адамзат үшін әлі де өте өзекті міндет. Мен бұл мәсені халыққа Жолдауымда айттым. Жылдар бойы жүргізілген жұмыстың арқасында Солтүстік Аралды құтқарып қалдық. Қашқан теңіз қайтып, Кіші Аралдың қалпына келе бастағанына біраз жыл болды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, қазір Көкарал бөгетін биіктету шаралары қолға алынып жатыр. Жоба осы жылдың соңында басталады.

– Кіші Аралдың суының көлемін айтарлықтай көбейтуге мүмкіндік болады. Бірақ, бұл тек біздің қолымызда тұрған мәселе емес. Қазақстандағы ірі өзендердің көбі бастауын көрші елдерден алады. Дарияның басында тұрған елдердің су саясатына байланысты Сырдың суы теңізге әр кезде әртүрлі көлемде жетеді, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымынша, көптеген түйткілді шешу шебер дипломатияға байланысты.

– Қазір Орталық Азия елдерінің бәрімен су ресурстарын бірлесе пайдалану туралы келісімдер жасалды. Түптеп келгенде Арал ғана емес, Каспийдің, Балқаштың, Ертістің тағдырын шешу үшін көршілермен мәмілеге келіп, келісімдерге қол қоюымыз қажет. Су еліміз үшін стратегиялық ресурс, – деді Президент.

Айта кетейік, V Ұлттық құрылтайдың алғашқы күнінде 200-ден астам ұсыныс айтылды.

https://kaz.inform.kz/news/ksh-aral-suinin-dengeyn-kobeytuge-aytarliktay-mumkndk-boladi-prezident-ca6e91/

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президент неке институтын «ер мен әйелдің ерікті, ресми одағы» деп заңмен бекітуді ұсынды

Әр азаматтың таңдау құқығы бар, бірақ бұл таңдауды ешкім күшпен таңа алмайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика