spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

23 маусым – Полиция күні: Ақмолада 300-ден астам учаскелік полиция қызметкерлері еңбек етуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Қоғамдағы қауіпсіздікті қорғайтын учаскелік полицейлер елмен тығыз қарым-қатынас жасайды. Сондықтан да олар ел арасында «Халық полицейі» деген атқа ие болған. Өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікті өз әкімшілік учаскелерінде 300-ден астам учаскелік полиция қызметкері қамтамасыз етуде, – деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Ішкі істер министрлігі де осы жылды «Учаскелік полиция инспекторларының жылы» деп жариялаған.Яғни аталған қызметке биыл аса мән беріліп, материалдық-техникалық базасы жетілдірілуде. Қызметтік автокөліктер беріліп, полиция пунктерінің ғимараттарына жөндеу жасалуда.

Әрине, басты ресурс әрқашан адамның өмірі мен денсаулығы болып қала береді. Күн сайын учаскелік полицияның өз әкімшілік учаскесінде отырмай, тұрғындардың отбасылық жанжалдары, көршілермен келіспеушілік сияқты тұрмыстық дау-дамайларға дейін шешіп жатады. Бүгінде тек Көкшетау қаласының өзінде 10 учаскелік полиция пункті орналасқан. Әрбір полиция бекеті тұрғындарға қызмет көрсетілетін аумаққа барынша жақын қойылған. Бұл өз кезегінде өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікті барынша сақтауға мүмкіндік береді. Жақында ғана облыс орталығында №4 жаңа учаскелік полиция пункті ашылды. Оның ерекшелігі сол барлық кабинеттері мөлдір қабырғалармен жабылған. Абай көшесі 160 а мекенжайында орналасқан бұл учаскелік пункт 14400-ден астам тұрғынға қызмет көрсетеді., – деді Ақмола облысы полиция департаметінің баспасөз хатшысы Әсем Әбдірахманова.

Күн сайын 9 учаскелік полицейлер мен жасөспірімдік және криминалды полициейлер қызмет етеді. Учаскелік полицейлердің барлығы компьютерлік құрылғылар, жиһаздар мен қажетті байланыс құралдарымен қамтылған. Ал компьютерге қосылған базалық деректер олардың іздеуде бар-жоғы, көлігінің болуы, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылған яки тартылмағаны жөнінде толық мәлімет береді.

Тағы бір айта кетерлігі учаскелік пункт полицейлері онлайн режимде өз учаскесінің аумағында орналасқан бейнебақылау камераларына қолжетімділік жасалған. Аталған камералар көпқабатты үйлердің кіреберістері мен аулаларға орналастырылуы тәртіп сақшыларының жұмысын жеңілдеткен.

 

Біздің негізгі жұмыс азаматтардың өтініштері мен арыздарын қабылдап, сол бойынша жұмыс атқарамыз. Учаскелік полиция бекетіне телефон қоңырауы күн сайын түседі. Кейбір тұрғындар түрлі анықтамалар үшін де бізге келіп жатады. Әрбір өтінішті түсініп тыңдап, мәселенің байыбына барып, оқиғаны саралап, барлық фактілерді тексеріп әрбір келген азаматтың мәселесін шешуге тырысамыз. Әдетте бізге кешкі 19.00-ден бастап адамдар келіп жатады. Бірақ учаскелік полицейлер күні бойы жұмысы бастан асады. Күн сайын сағат 9.00-де нұсқама беріліп, әрбір қызметкерге соңғы тәуліктегі жедел ақпарат таныстырылып, облыс орталығындағы криминогендік жағдай талданады, – дейді полиция майоры Сергей Кияткин.

Тұрғындарға көмектесу біздің негізгі міндетіміз. Көбінесе шақырулар отбасылық жанжалдар жөнінде болады. 70 пайыз тұрмыстық даулар дәл сол үйлерде болады. Сондықтан қай жерлерде қақтығыстар болатынын біз жатқа білеміз, – дейді учаскелік полицейлер.

Учаскелік полицияның негізгі критерийлерінің бірі оның жұмысына осы аумақта тұратын тұрғындар баға береді және оның беделі де осыған байланысты болмақ. Азаматтардың сенімін ақтау және қиын жағдайда көмекке келу учаскелік полицияның негізгі миссиясы. Осы қағиданы есте ұстайтын полицейлер күн сайын қоғам қауіпсіздігін бақылауда ұстауда.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img