spot_img
Дүйсенбі, Қаңтар 19, 2026
-19.8 C
Kokshetau

Жарқайың ауданында оқушыларға болашақ мамандық таңдауға қолдау көрсетілуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Жарқайың ауданында Гастелло ауылының жалпы білім беретін мектебі базасында «Кәсіби бағдар: ынтымақтастық кеңістігі» атты диалог алаңы өтті. Іс-шара мектептерді, жоғары оқу орындарын және мемлекеттік құрылымдарды біріктіріп, оқушылардың кәсіби өзін-өзі айқындауына қолдау көрсетуге бағытталды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Кездесуге өңірдегі жетекші жоғары оқу орындарының және салалық ведомстволардың өкілдері қатысты. Шақырылғандар қатарында Шырақбек Қабылбаев атындағы Қазақстан Республикасы ІІМ академиясы, Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті, Зұлхарнай Алдамжаров атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, сондай-ақ Жарқайың аудандық полиция бөлімінің және төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері болды.

Диалог алаңының бағдарламасы «Мотивация», «Диагностика» және «Практика» атты үш бағыт бойынша құрылды. Талқылау барысында қатысушылар кәсіби бағдар беру жұмысының заманауи тәсілдерін қарастырып, тәжірибе алмасты және оқушылардың нақты сұраныстарына негізделген әрі қарайғы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындады.

«Мұндай диалог алаңдары оқушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына ықпал етеді, олардың өз мүмкіндіктерін бағалап, қай бағытта дамуы керектігін түсінуіне көмектеседі», – деді Жарқайың аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлшат Нұрпейісова.

Іс-шара қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Бұл құжаттар ауданда кәсіби бағдар беру жұмысын жүйелі түрде дамытуға және білім беру ұйымдары мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара байланысты нығайтуға негіз болмақ.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Эковолонтерлік: шекарасыз, шектеусіз

2024 жылдан бері республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы табиғатқа жанашырлықпен қарау идеясын ту еткен мыңдаған бейжай қарамайтын азаматты біріктіріп...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика