spot_img
Жексенбі, Мамыр 17, 2026
24.2 C
Kokshetau

Қазақстан халықаралық спорт ұйымдарымен өзара іс-қимылды күшейтуде

Сондай-ақ...оқыңыз

2025 жылы елімізде 135 спорт нысаны пайдалануға берілді, олардың басым бөлігі ауылды аймақтарды орналасқан. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 2025 жылдың қорытындылау барысында хабарлады.

Ол ірі жобалардың жүзеге асырылғанын атап өтті. Оның ішінде Түркістандағы ескек есу арнасы және Қызылордадағы «Қайсар Арена» стадионы бар. Астанадағы Ұлттық спорт университетінің құрылысы жалғасып жатыр.

Паралимпиадалық және сурдлимпиадалық қозғалыс жүйелі түрде дамып келеді. Алғаш рет заңмен «мүгедектігі бар спортшыны сүйемелдейтін адам» ұғымы бекітіліп, ерекше қажеттілігі бар спортшылардың қатысу мүмкіндігі кеңейді.

2025 жылғы маңызды бағыттардың бірі — халықаралық спорт ұйымдарымен өзара іс-қимылды күшейту болды. Қазіргі таңда Қазақстанның 81 өкілі халықаралық және континенттік спорт федерацияларында жұмыс істейді. Бұдан бөлек, биыл елімізге 22 халықаралық спорт ұйымнан басшылар келді. Бұл еліміздің ұйымдастырушылық және инфрақұрылымдық әлеуетінің халықаралық деңгейде мойындалғанын дәлелдейді.

Тұрақты түрдегі халықаралық ынтымақтастықтың нәтижесінде 2027 жылы Қазақстанда үстел теннисі, дзюдо, стенд ату, бокс және джиу-джитсудан бес әлем чемпионатын өткізу туралы келісімдер жасалды. Бұл еліміздің халықаралық спорт алаңы ретіндегі сенімді әрі бәсекеге қабілетті мәртебесін одан әрі нығайтуда маңызды кезең болмақ.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Жас Ұрпақ» — жастарды бірлік пен жауапкершілікке бастайтын жоба

Зеренді ауданындағы «Sunqar» балалар лагерінде «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің екінші облыстық слеті өтті. Ауқымды іс-шара Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика