spot_img
Жұма, Желтоқсан 19, 2025
-5.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында кәсіби мереке қарсаңында үздік энергетиктер марапатталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласында Энергетиктер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиын барысында сала қызметкерлеріне Ақмола облысы әкімінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің атынан марапаттар табысталды. Шараға өңірдің энергетика саласының өкілдері, мемлекеттік органдар мен облыстың энергетикалық жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан кәсіпорын басшылары қатысты.

Жиында Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов құттықтау сөз сөйлеп, энергетиктердің кәсібилігі өнеркәсіп пен әлеуметтік саланың тұрақты жұмыс істеуіне, сондай-ақ өңір тұрғындарының жайлы өмір сүруіне тікелей әсер ететінін атап өтті.

«Бұл мереке елдің энергетикалық кешенін құруға және оның үздіксіз жұмыс істеуіне өмірін арнаған жандарды біріктіреді. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз – тұрақты экономиканың, әрбір үйдегі жарық пен жылудың, жерлестеріміздің тыныштығы мен әл-ауқатының негізі. Жоғары кәсібиліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз және көпжылдық адал еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін», – деді Елдос Рамазанов.

Сондай-ақ ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың энергетика саласының ел үшін стратегиялық маңызы зор екені, тұрақты энергия көздерінсіз қуатты мемлекет құру мүмкін еместігі жөніндегі сөздерін еске салды. Іс-шарада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өндіріс саласы қызметкерлерінің еңбегі жоғары мемлекеттік деңгейде бағаланып отырғаны ерекше аталып өтті.

Салтанатты жиын барысында марапаттау рәсімі өтті. Электр және жылумен жабдықтау кәсіпорындарының бірқатар қызметкерлері сала дамуына қосқан үлесі мен көпжылдық адал еңбегі үшін Ақмола облысы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды

Мерекенің маңызды сәттерінің бірі – ведомстволық наградаларды тапсыру болды. Энергетикалық компаниялардың диспетчерлік, инженерлік және экономикалық қызметтерінің өкілдері «Электр энергетикасын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Ал сала басшылары мен жетекші мамандарына «Еңбек сіңірген энергетик» құрмет белгісі табысталды.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі атынан бірқатар марапаттар берілді. Энергетикалық және жылу кәсіпорындарының филиал басшылары, диспетчерлік қызмет пен өндірістік-техникалық бөлімшелердің өкілдері Құрмет грамоталарымен және «Құрметті энергетик» нагруд белгісімен марапатталды.

Өңір үшін ерекше оқиға – сала ардагері Мұрат Қожинге мемлекеттік награданың табысталуы болды. Ол 17 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Президентінің қолынан «Құрмет» орденін алған.

«Мен 45 жыл бойы бір салада еңбек еттім. Осы уақыт ішінде ұйымдар өзгерді, бірақ атқарған жұмысымның мәні өзгерген жоқ – мен бүкіл өмірімді энергетикаға арнадым. Президенттің қолынан орден алу мен үшін аса ерекше әрі толқынысты сәт болды. Бүгінде жұмысшы еңбегі лайықты бағаланып, мамандықтардың мәртебесі артып, жастарға жаңа мүмкіндіктер ашылуда», – деді Мұрат Қожин.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Санитариялық қызмет ескертеді: тағам қауіпсіздігін сақтаңыз

Ақмола облысында тағамнан уланудың алдын алу және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Ағымдағы жылды қадағалау...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика