Қалалық прокуратура «Зан мен Тәртіп» идеологиясы аясында колледж студенттері үшін көрме сот процесін өткізді.
Жастар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық сананы арттыру мақсатында қалалық прокуратура ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі бойынша («Пышақты қолданып жасалған бұзақылық») нақты қылмыстық іс негізінде көрме сот процесін ұйымдастырды.
Іс барысында колледж студенттері Т. есімді сотталушыға қатысты материалдармен танысты. Ол түнгі уақытта жәбірленушіге пышақпен жарақат келтіріп, бұзақылық ниетпен әрекет жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімімен оған 5 жыл 1 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Процесс аяқталғаннан кейін студенттерге қалалық сот ғимараты бойынша экскурсия өткізіліп, сот жүйесі мұражайына бару ұйымдастырылды.
Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заңға құрметпен қарауға және жазаның бұлтартпастығы қағидатын түсіндіруге бағытталған.
Ақмола облысының прокуратурасы.



