spot_img
Дүйсенбі, Шілде 6, 2026
26.4 C
Kokshetau

«Тең мүмкіндіктер» республикалық инклюзивті спорт фестивалі өз мәресіне жетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Астанада өткен «Тең мүмкіндіктер» республикалық инклюзивті спорт фестивалі өз мәресіне жетті. Екі күн бойы елорданың спорт алаңдарында еліміздің барлық өңірінен келген 500-ге жуық бала бақ сынады. Олардың қатарында 153 ерекше қажеттілігі бар қатысушы болды.

Жарыс бағдарламасына бочча, эстафеталық ойындар және жеңіл атлетика түрлері енгізілді. Қатысушылар өз шеберліктерін көрсетіп, жалпы 189 жүлде жиынтығы сарапқа салынды.
Фестиваль «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында, партияның Әйелдер қанатының бастамасымен және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар балаларды спорт арқылы қоғам өміріне белсенді тарту, олардың әлеуетін ашу және инклюзивті орта қалыптастыруға ықпал ету.

Ақмола облысының командасы жалпы командалық есепте ІІІ орын иеленіп, үздік нәтижелердің бірі ретінде танылды. Бұл жетістік – өңірде инклюзивті спортты дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың және жас спортшылардың табандылығының айғағы.

Фестиваль соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар мен сыйлықтар табысталды. Ұйымдастырушылар мұндай шаралар алдағы уақытта да дәстүрлі түрде өткізіліп, инклюзивті қозғалыстың кеңеюіне серпін беретініне сенім білдірді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жасанды интеллект дәуіріндегі конституциялық кепілдіктер: Қазақстан азаматтарының деректерін қорғаудың жаңа кезеңі

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы азаматтардың жеке деректерін қорғауды мемлекеттің басты басымдықтарының бірі ретінде бекітті. Енді әр адамның жеке өмірінің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика