spot_img
Сенбі, Қазан 25, 2025
2.4 C
Kokshetau

Ақмолада Мемлекеттік Ту биікте желбіреді

Сондай-ақ...оқыңыз

Республика күні аясында Көкшетау қаласындағы «Тутұғыр» монументі алаңында ерекше патриоттық шара өтті. Салтанатты рәсім барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтеріліп, еліміздің Әнұраны шырқалды.
Мереке қатысушылары үшін бұл күн – ел бірлігін, тәуелсіздікті және қазақстандық патриотизмді айшықтайтын маңызды сәт болды.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өз құттықтау сөзінде Республика күні – барша қазақстандықтардың бірлігінің, елдің тәуелсіздігі мен азаматтық жауапкершілігінің символы екенін атап өтті.
«Еліміз баянды, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, көк байрағымыз көкте мәңгі желбірей берсін, Республика күні құтты болсын»,-деді облыс әкімі.
Рәсім барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтарға Алғыс хаттар табысталып, еңбек жолын жаңа бастаған жастарға естелік сыйлықтар берілді.
Салтанатты жиында сондай-ақ Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Нуғыман мен «Ассамблея жастары» РҚБ Ақмола облыстық өкілдігінің төраға орынбасары, өзбек этномәдени орталығының өкілі Махмуджан Давранов сөз сөйлеп, ел ішіндегі бейбітшілік пен келісімнің маңызын атап өтті.
Өңірдің белсенді қоғам қайраткері, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, Көкшетау қалалық емханасының бас дәрігері Ғалия Сабатаева да ақмолалықтарды мерекемен құттықтап, өз әсерімен бөлісті:
«Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін біз ел болғанымызға 35 жыл толып отыр. Ақмола облысының әкімі Марат Мұратұлына, қала әкімі Ануар Қайыргелдіұлына зор алғысымды білдіргім келеді. Бұл істерге ерекше қуаныштымын және тұрғындарымыз да осы еңбекті көріп, бағалап отыр деп ойлаймын.!»
Іс-шара соңында қатысушылар «Қазақстаным» әнін бірге орындап, мерекелік көңіл-күймен тарқасты.
Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі – өңір тұрғындарының елге деген сүйіспеншілігін арттырған, әр буынды тәуелсіз Қазақстанның ортақ құндылықтары төңірегінде біріктірген маңызды оқиға болды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бурабай ауданының агрономы Асель Ағзамова Президент қолынан марапат алды

Президент Республика күніне орай бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды салтанатты түрде тапсырды. Ақмолалық агроном Асель Ағзамова ІІІ...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика