spot_img
Сейсенбі, Қазан 6, 2026
2.1 C
Kokshetau

Көкшетау тұрғындары көптен күткен пәтер кілттерін алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Республика күніне орай Ақмола облысының орталығында жаңа пәтер кілттерін табыстау салтанатты рәсімі өтті. Жаңа баспаналар реновация бағдарламасы аясында және әлеуметтік жағынан осал санаттағы отбасыларға берілді.

Жаңа қоныс иелеріне пәтер кілттерін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов табыстады.

Өз сөзінде өңір басшысы облыста тұрғын үй құрылысы қарқын алып келе жатқанын атап өтті.

«Президент әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға, ең алдымен, азаматтардың әл-ауқатын арттыру мен өмір сүру сапасын жақсартуға ерекше көңіл бөледі. Соның ішінде тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі – маңызды бағыттардың бірі. Соңғы екі жылда шамамен бес мың мұқтаж отбасы баспанамен қамтамасыз етілді, бұл – бұған дейінгі жеті жылда атқарылған жұмыспен тең көрсеткіш. Осы шаралардың барлығы тұрғын үй кезегін едәуір қысқартуға мүмкіндік берді», – деді облыс әкімі.

Реновация бағдарламасы аясында және тұрғын үй кезегінде тұрған мұқтаж отбасылардың қатарынан Көкшетаудың 80-нен астам тұрғыны жаңа, жайлы баспанаға ие болды.

«Біз 1964 жылы салынған ескі, апатты үйде тұрдық. Ол жөндеуге жарамсыз еді. Сол үйде 30 жыл өмір сүрдік. Енді арманымыз орындалды – жаңа, жарық әрі кең үйге көштік. Аулада автотұрақ пен балаларға арналған ойын алаңы да бар», – деді жаңа қоныс иесі Тастлима Төқбергенова.

Айта кетейік, биыл облыс бойынша түрлі санаттағы азаматтарға, соның ішінде әлеуметтік осал топтағы кезекте тұрғандарға 700-ге жуық пәтер берілді. Осы жылы барлығы 1200 пәтер тапсыру жоспарлануда.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

ІІМ «Балаларға назар аударыңыз!» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне қатысты заңнама...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика