spot_img
Сәрсенбі, Қазан 7, 2026
8.2 C
Kokshetau

️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бұл күнді халқымыздың дербес ел болуына жол ашқан қастерлі күн деуге болады»

Сондай-ақ...оқыңыз

 

«Еліміздің ең басты мерекесі – Республика күні құтты болсын! Ұлттық мейрам қарсаңында дәстүрге сай Ақорда төрінде мемлекетіміздің үздік азаматтарымен бірге жиналып отырмыз.

Биыл еліміз азаттықтың мерейлі белесіне жетті. Осыдан 35 жыл бұрын Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Дәл осы күні сан ғасырлық мемлекеттілік дәстүріміз қайта жаңғырды. Көп ұзамай жұртымыз Тәуелсіздік байрағын көтерді. Тарихи әділдік орнап, ұлттың рухы асқақтады. Сондықтан бұл күнді халқымыздың дербес ел болуына жол ашқан қастерлі күн деуге болады.

Тәуелсіздік – бәрінен қымбат құндылығымыз. Оны сақтап, нығайта түсу – баршамызға ортақ қасиетті борыш. Егемендік – ата-бабаларымыздың ұлт мүддесі жолындағы өшпес ерлігінің айқын көрінісі».

t.me/aqorda_resmi

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Антифрод-базаға түсті: бұл банк клиенті үшін нені білдіреді?

Банк аударымы өтпей, карта жұмыс істемей немесе шот бойынша операцияларға шектеу қойылса, оның себептерінің бірі күдікті транзакцияларға байланысты жүргізілетін...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика