spot_img
Дүйсенбі, Қазан 20, 2025
11.2 C
Kokshetau

Целиноград ауданында балалар және спорт алаңдарының желісі кеңейіп келеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Целиноград ауданында балалар мен жастардың демалысы мен дене шынықтыруына қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған балалар-спорт инфрақұрылымын дамыту жобалары жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Осындай нысандардың бірі – Софиевка ауылындағы жаңартылған балалар ойын алаңы. Республика күні қарсаңында мұнда бар алаңды қайта жаңарту жұмыстары аяқталды. Жоба аясында аумақ абаттандырылып, заманауи жабын төселді, шағын архитектуралық формалар, әткеншектер, сырғанақтар, жасөспірімдер мен ересектерге арналған спорттық тренажерлар, жаңа орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды. Сондай-ақ аумақ көгалдандырылып, ту тұғыры, жарықтандыру жүйесі және бейнебақылау камерасы қойылды. Жобаның жалпы құны 42 миллион теңгені құрады, оның 21 миллионы – жеке қаражат есебінен, тағы 21 миллионы аудандық бюджеттен трансферт түрінде бөлінді.

Іске асырылған жобалардың қатарында Жалғызқұдық ауылындағы жаңа балалар-спорттық кешен де бар. Жоба шеңберінде жасанды жамылғысы бар мини-футбол алаңы, заманауи спорттық тренажерлармен жабдықталған воркаут аймағы, сондай-ақ құмсалғыш, әткеншек, теңгергіш және сырғанақ қамтылған балалар ойын алаңы орнатылды. Қаржыландырудың жалпы көлемі аудандық бюджет есебінен 39 миллион теңгені құрады.

Ауыл тұрғындары атқарылған жұмыстар мен елді мекеннің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға көрсетілген назар үшін аудан әкімдігіне және мердігер ұйымдарға алғыстарын білдіруде.

Мұндай жобалардың жүзеге асырылуы халықтың өмір сапасын арттыруға, белсенді демалыс пен денсаулықты нығайтуға, сондай-ақ балалар мен жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«АМАNАТ» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев жұмыс сапарымен Көкшетауға келді

«АМАNАТ» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев Көкшетау қаласына жұмыс сапары барысында Ақмола облысының аудан және ауылдық округтердің әкімдерімен кездесіп, «Ауыл...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика