spot_img
Жұма, Мамыр 15, 2026
11.3 C
Kokshetau

Бестөбеде «Таза Қазақстан» аясында ауқымды экологиялық акция өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Степногорск қаласына қарасты Бестөбе кентінде республикалық «Таза Қазақстан» бастамасы аясында кең көлемді сенбілік өтті. Акция аясында 500-ге жуық адам бірігіп туған жерді көркейтуге үлес қосты.

Ауыл көшелерін тазартуға мемлекеттік қызметшілер, «Қазақалтын» ЖШС ұжымы, шағын және орта бизнес өкілдері, жастар, еріктілер мен ауыл тұрғындары белсене қатысты.

«Кентімізде 5600 халық бар. Бүгін үлкені де, кішісі де бір кісідей сенбілікке атсалысып жатыр. Ауылымыздың тұрғындары да белсенділік танытып жатқаны қуантады. Президент Жолдауы аясында жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» акциясына 500-дей адам қатысуда», – деді Бестөбе кентінің әкімі Сырым Кабай.

Акцияға жастар қауымы да ерекше серпін берді. Жастар ресурстық орталығы мен UNICEF волонтерлер орталығы өкілдері де сенбілікке белсене атсалысты.

«Біз бүгін Жастар ресурстық орталығы белсенділері болып, UNICEF волонтерлерімен бірлесіп сенбілікке қатысудамыз. Өзіміздің туған жерімізді аялау – азаматтық борышымыз. Ұлы ойшыл Абай атамыз айтқандай: “Егерде қоғамды өзгертем десең, өзіңнен баста”. Бүгінгі экологиялық акция сәтті өтуде, мұндай шаралар әлі де жалғаса береді деп сенемін», – деді Орталықтың фронт-офис басшысы Дидар Хамзин.

Жергілікті тұрғындар да туған ауылын көркейтуге ерекше ықылас білдірді. Зейнеткер, ауыл тұрғыны Ғабділманат Калимулин сенбілікке қатысып, бұл тазалық шарасының өте маңызды екенін атап өтті.

«Бүгін, міне, бәріміз бірлесіп сенбілікке шықтық. Мен осы елдің тума баласымын, қазіргі уақытта кәсіпкермін. Ауылымыздың таза болғаны біз үшін өте маңызды. Өйткені көше таза болса, халқымыздың сана-сезімі де таза болады. Жастарға үлгі болайық деп, зейнеткер болсақ та қол ұшын тигізіп отырмыз. Еліміз дами берсін, көркейе берсін», – деді ол.

Кең көлемді сенбілік барысында кент көшелері мен қоғамдық аумақтар қоқыстан тазартылып, тазалық пен бірліктің жарқын үлгісі көрсетілді. Акция аясында 5мың куб қоқыс шығарылып, 10 техника жұмылдырылды. «Таза Қазақстан» сияқты экологиялық бастамалар қоғамда табиғатты қорғау – әр азаматтың күнделікті таңдауы екенін дәлелдеп отыр.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Туған елдің тазалығы – елдің абыройы» экологиялық акциясы өткізілді

«Туған елдің тазалығы – елдің абыройы» экологиялық акциясы: таза болашаққа қадам. Ақмола облысы Зеренді ауданы Зеренді ауылындағы Восточная көшесі бойында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика