spot_img
Сейсенбі, Тамыз 26, 2025
21.4 C
Kokshetau

Көмір өндіруші кәсіпорындар мен ҚТЖ өңірлерге көмірдің қажетті көлемін жеткізуге дайын – Энергетика министрлігі

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында республиканың көмірмен қамтамасыз етілгендігі туралы баяндады.

Ол атап өткендей, көмір өндіруші кәсіпорындар осы жылдың 7 айында 61,4 млн тонна көмір өндірді, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 2,2 млн тонна, энергетикалық кешендерге 37,4 млн тонна, өнеркәсіптік кәсіпорындарға 1,6 млн тонна, экспортқа 18,2 млн тонна жөнелтілді.

Барлық өңірлерде алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Халықтың және бюджеттік ұйымдардың көмірге қажеттілігін қалыптастыру жөніндегі жоспар әкімдіктерге орындауға берілді.

Алдағы жылыту маусымына көмір өнімдеріне қажеттілік шамамен 7,7 млн тоннаны құрайды. Бүгінгі таңда шамамен 2,2 млн тонна жеткізілді, бұл жылдық жоспардың 29%-ы. Әкімдіктердің мәліметінше, оны өткізу орындарындағы көмірдің жалпы қоры 434 мың тоннаны құрайды.

«Жалпы, көмір өндіруші кәсіпорындар мен ҚТЖ жоспарларға сәйкес өңірлерге қажетті көмір көлемін жеткізуге дайын»,
— деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақкөл ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы қолдау тапты

2025 жылдың 26 тамыз сағат 15:00 Ақкөл қаласындағы телемұнара маңында «Таза Қазақстан – Таза Өлке» атты ауқымды экологиялық акциясы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика