spot_img
Сенбі, Маусым 21, 2025
23.2 C
Kokshetau

«Гүлдер» ансамблінің солисі халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды

Сондай-ақ...оқыңыз

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Гүлдер» ансамблінің балет әртісі Сания Сәкенова мен бас балетмейстер Анвара Садықова 2025 жылдың 24-27 сәуірі аралығында өткен XVIII «Рига көктемі – 2025» халықаралық хореографиялық байқауына қатысып жүлдегер атанды, деп хабарлайды Ult.kz.

Байқау хореографияның үш аталымы бойынша өтті. Атап айтсақ, классикалық би, халық биі және заманауи хореография. Байқауға Қазақстаннан бөлек Германия, Италия, Латвия, Литва, Эстония, Украина, Солтүстік Африка елдерінен өнерпаздар қатысты.

Ансамбль солисі Сания Сәкенова І дәрежелі лауреат атанып, екі алтын медаль жеңіп алды. Ол байқау бағдарламасында Анвара Садықова қойған «Ақбаян» қазақ биін және Ернұр Қарықбол қойған «Тэмулэн» моңғол биін биледі. Сондай-ақ, ансамбль бишісі орындаушылық шеберлігі мен әртістік өнері үшін Америка Құрама Штаттарындағы Марго Фонтейн атындағы Балет академиясында екі апталық оқу стипендиясының сертификатына ие болды.

«Гүлдер» ансамблінің бас балетмейстері Анвара Садықова мен Сания Сәкенова Марго Фонтейн балет академиясының көркемдік жетекшісі Кеннет Ладденнің арнайы шақыртуын алды.

Сонымен қатар, қазылар алқасының шешімі бойынша «Гүлдер» ансамблі «Ұлттық би мәдениетін сақтау және дамыту» арнайы сыйлығымен марапатталды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының республикалық индустриялық аймағына 1,1 трлн теңге инвестиция тартылды

Ақмола облысында республикалық маңызы бар «AQMOLA» индустриялық аймағының іргетасына капсула салу рәсімі өтті. Ауданы 1 мың гектарға жуық индустриялық аймақ...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика