spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 21, 2025
16.2 C
Kokshetau

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай облыс орталығында экологиялық акция өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ағымдағы жылдың сәуір айының 18 жұлдызында, Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай, Көкшетау қаласында қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы –  «Шоқан Уәлиханов» ескерткіші маңында экологиялық акция өткізілді.       Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығы жанындағы «Волонтерлерді қолдау орталығы» фронт-кеңсесінің ұйымдастыруымен өткен акцияға 30-ға жуық волонтерлермен қала жастарынан құралған қайырымды жандар қатысты.

Іс-шараның мақсаты – әлем халықтарының тарихи-мәдени мұрасын сақтау оларды насихаттау, қоғамның назарын ескерткіштер мен тарихи орындардың маңыздылығына аудару және өткенді құрметтеу, болашақ ұрпаққа аманат ету идеясын дамыту болып табылады.

Айта кету керек, Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні – жыл сайын 18 сәуірде атап өтілетін маңызды мәдени шара. Бұл күн ЮНЕСКО және Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау кеңесінің бастамасымен 1983 жылы бекітілген болатын. Осы орайда еліміздің түкпір-түкпірінде атаулы күн аясында экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Ақмола облысы да тыс қалмай аудан/қалаларында дәл осы күнде түрлі шаралар өткізуде. Мысалға, мәдени және тарихи жерлерде ағаш көшеттерін отырғызу, көгалдандыру жұмыстары, қоқыстан тазарту, әктеу, тарихи жерлерді вандалдық әрекеттерден тазарту және қалпына келтіру сияқты жұмыстар жүргізілуде.

«Бүгінгі іс-шарамызға ауа-райының қолайсыздығына және күннің суығына қарамастан «Мейірім» волонтерлік орталығы және қала студенттері қатысуда. Аталмыш шараның жастарға берер тәлім-тәрбиесі мен өнегесі баршылық. Тарихи жерлерді таза ұстауды жастарымыздың бойына қазірден бастап бойына сіндіруді қолға алсақ, келешегіміз жарқын болары сөзсіз» – дейді облыстық «Волонтерлерді қолдау орталығы» фронт-кеңсесінің басшысы Дидар Хамзин.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында қылмыстық процестің ашықтығы мен цифрлануы артып келеді

Тұрғындарға өңірдегі құқықтық ахуал жайында ашық ақпарат беру, қабылданып жатқан шаралар мен заманауи технологиялардың тиімділігін түсіндіру туралы ҚР Бас...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика