spot_img
Сенбі, Наурыз 15, 2025
1.6 C
Kokshetau

Көрісу күні: Ұлттық бірліктің жарқын көрінісі

Сондай-ақ...оқыңыз

Биыл Көкшетауда көрісу күні ерекшежылылықпен тойланды. Теміржол вокзалынданағыз мерекелік атмосфера орнап, келгенжолаушыларды жергілікті тұрғындар ақжарқын көңілмен қарсы алды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Теміржол вокзалында ұлттық әуендер ойнап, қазақтың қонақжай дәстүріне сай хошиісті бауырсақ ұсынылды. Бұл – жай ғана сыйемес, ғасырлар бойы халқымыздың қанында қалыптасқан ізгі ниеттің көрінісі.

Мерекелік шара барысында «Асыл мұра» би ансамблі дәстүрлі қазақ биін орындап, көпшілікке өнердің ерекше әсерін сыйлады. Сондай-ақ «Достар» мәдениет сарайы мен «Көкше» мәдениет үйінің әртістері дайындаған «Көрісу» театрландырылған қойылымы көрермендерді  ұлттық дәстүр мен руханиқұндылықтарға жетеледі. Музыка мен ұлттық өнер тоғысқан бұл ерекше көрініс мерекенің мәнін тереңірек сезінуге мүмкіндік берді.

«Көрісу күні құтты болсын. біздің қонақжай халқымыз қашанда ыстық ілтипатыменерекше. бізді поездан күтіп алған өнер иелеріне рахмет. қуанып қалдық. мерекелеріңіз құтты болсын», деді жолаушылардың бірі.

Көрісу – тек сәлемдесу рәсімі емес, бұл – қазақы болмысты, үлкенге құрмет пен кішігеізетті дәріптейтін, қоғамдағы ынтымақ пен мейірімділікті нығайтатын мейрам. Көптен көріспеген жандардың құшақ жайып, амандық сұрасып, бір-біріне ақжарма тілектер айтуы – бұл мерекенің шынайы рухы.

«Осындай ұлттық дәстүрлерімізді жаңғыртып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу – баршамыздың міндетіміз. көрісу күні тек біркүндік мереке емес, халқымыздың кеңпейілдігі мен бірлігінің белгісі болып қала береді», дейдіұйымдастырушылар.

14 наурыз – қазақ халқы үшін ерекше күн. Бұл – қыстан аман шығып, бір-біріменқауышқан жұрттың сағынышын басатын Көрісу күні. Бүгінде бұл дәстүр елдің әр өңірінде кеңінен атап өтіліп, қоғамдағы өзара құрмет пен ынтымақтың жарқын көрінісіне айналыпкеледі.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Амал күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар! Сіздерді әз-Наурыздың бастауы – Амал күнімен шын жүректен құттықтаймын! Амал келгенде амандық білісу – көне заманнан жалғасқан айрықша дәстүріміз. Қыстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img