«Қосшы қалалық №1 емханасы» өңір тұрғындарына бастапқы медициналық-санитариялық көмек, зертханалық және рентгенологиялық қызметтер, функционалдық диагностика және күндізгі стационар жағдайында емдеу қызметтерін көрсетеді
Бүгінде халыққа амбулаториялық-емханалық көмекті үш медициналық мекеме ұсынады — ауысымына 100 адам қабылдайтын, 23 күндізгі стационар төсегі бар емхана (оның ішінде 3 төсек үшінші кезеңдегі оңалтуға арналған), Тайтөбе ауылындағы ауысымына 20 адам қабылдайтын фельдшерлік-акушерлік пункт және Қызылсуат ауылындағы ауысымына 10 адам қабылдайтын медициналық пункт
Емханаға 15 864 адам тіркелген, олардың 95,3%-ы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған. Халыққа 147 медицина қызметкері қызмет көрсетеді, олардың ішінде 49 дәрігер мен 61 орта буын медицина қызметкері бар
Емханада тұрғындарға медициналық қызметтерді барынша ыңғайлы әрі қолжетімді ету мақсатында заманауи технологиялар енгізілуде. Мекемеде «E-GOV» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, мұнда кезек күтпей-ақ мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға болады
Медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету деңгейі 97%-ды құрайды, бұл дәрігерлерге заманауи құрал-жабдықтармен жұмыс істеуге және сапалы диагностика жүргізуге мүмкіндік береді
2024 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен екі автокөлік сатып алынды — 4-санаттағы шақыртуларға қызмет көрсетуге арналған «JAC» санитарлық көлігі және патронаждық қызметке арналған «Cobalt» маркалы автокөлік, бұл аз қозғалатын науқастар мен балалы отбасыларға уақытылы көмек көрсетуге ықпал етеді
«Біздің мақсатымыз – пациенттерге барынша ыңғайлы жағдай жасау. Әрбір тұрғын жасына және тұрғылықты жеріне қарамастан, сапалы медициналық көмекті жедел алуы маңызды. Материалдық-техникалық базаны нығайту, қызмет көрсету сапасын арттыру және заманауи технологияларды енгізу – біздің басты міндетіміз», — деді Қосшы қалалық №1 емханасының бас дәрігері міндетін атқарушы Дәурен Сибанбаев
Қосшы қалалық №1 емханасы өз жұмысын жетілдіруді жалғастырып, әрбір тұрғын үшін қолайлы және қолжетімді жағдай жасауды басты мақсат етіп отыр